Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақпарат кеңістігі: алдағы жұмыс - АРҚА АЖАРЫ

Ақпарат кеңістігі: алдағы жұмыс

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркеновтің төрағалығымен өткізілген  Ақмола облыстық әкімдігінің жанындағы бұқаралық ақпарат құралдары жөніндегі қоғамдық кеңестің  отырысында  журналистер көкейінде  жүрген бірқатар өзекті мәселелер қаралып, талқыланды.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркеновтің төрағалығымен өткізілген  Ақмола облыстық әкімдігінің жанындағы бұқаралық ақпарат құралдары жөніндегі қоғамдық кеңестің  отырысында  журналистер көкейінде  жүрген бірқатар өзекті мәселелер қаралып, талқыланды. Облыста 2015 жылы атап өтілетін  мерекелік шаралардың жоспары жасалып, облыс әкімімен бекітілуі де БАҚ өкілдеріне осы мәселелерді кеңінен қамтуда жоғары жауапкершілік жүктейді.
Елімізде күн санап әлеуметтік желіні пайдаланушылар қатары да  өсіп келеді. Сондықтан, өңірлік басылымдар жеке сайттарын ашып, оларды күнбе-күн өз материалдарымен толықтырып отырулары қажет. Бұл жұмыс әзірге облыстық «Арқа ажары», «Акмолинская правда», Көкшетау қалалық «Любимый город» және Бұланды аудандық «Вести Буланды» газеттерінде ғана жолға қойылған. Көптеген облыстық басқармалар жеке сайттарымен жұмыс істеуде көздеген деңгейден көріне алмай отыр. Бүгінгі таңда осы мемлекеттік органдардың өз білікті баспасөз хатшыларының болуы, өңірдегі бұқаралық ақпарат құралдарымен байланысты нығайта түсулері өте маңызды. 
Бүгінгі журналист уақыт тынысын айқын сезініп, сан алуан қоғамдық мәселелерге жіті қалам тарта білуі керек. Ал, жергілікті БАҚ-тар, сондай-ақ, облыстағы республикалық басылымдар мен телеарналардың меншікті тілшілері өздері тұратын өңірдің патриоттары болып, осы жағынан белсенділікті арттырса құба-құп. 
Бұдан кейін баяндама бойынша жарыссөзде сөйлеген облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қ.Тәшметов, облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Қ.Қарауылов, Бурабай аудандық «Луч», Атбасар аудандық «Простор» және «Атбасар» газеттерінің редакторлары С.Авдеюк
пен Б.Исабекова өз сөздерінде БАҚ-тармен өзара байланыс, жергілікті басылымдардың қаржы, басқа да жағдайлары тұрғысында ой бөлісті. Емін-еркін әңгіме барысында облыста тіркелген республикалық БАҚ-тардың өкілдері де  сөз алып, тиісті басшыларға ақпарат алудағы кейбір күрмеулі мәселелер туралы сауалдарын жолдады. Пікір алмасу барысында көпті көрген белгілі қаламгер, тәуелсіз «Бұқпа!» газетінің бас редакторы Төлеген Қажыбайдың журналистердің кәсіби шеберлігін арттыру, кадрлар мен сараптамалық материалдардың жетіспеушілігі, әріптестерінің облыс абыро-йын көтеру үшін аянбай жұмыс істеуі орайында көтерген мәселелері салмақты шықты.   
Қоғамдық кеңес отырысын қорытындылаған облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов өз сөзінде өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының жұмысына жан-жақты талдау жасады. Қазір еліміздегі БАҚ-тардың  назары көп жағдайда  «ұйқы ауруы» орын алған Калачи мен Астананың іргесіндегі Қояндыға ауған. Дегенмен, бұл мәселелерді шешуде оң нышандар байқалмай қоймауда. Сондықтан, мұндайда мәселенің екі жағына, яғни, көлеңкесі мен күңгейіне бірдей қараған жөн. Облыстық басқармалар мен ұйымдар  журналистермен өз қарым-қатынасын дұрыс құрулары керек. Баспасөз өкілдері де өз кезегінде тек өткір фактілерді қуалай бермей, жақсы жақтарды да  көре білгендері жөн. Әрине, кемшілікті жасыруға болмайды. Оны да жазып көрсеткен абзал. Бірақ, сонымен қатар, жағдай түзетіліп жатса, осы  тақырыпқа жағымды жағынан  қайта айналып соғу да артықтық етпейді.  Осыған тоқтала келе Нұрлан  Нұркенов: 
–Тұтастай алғанда, біздің бәріміз облыстың дамуына жұмыс істеуіміз керек. Бұл үшін тек өзара түсіністік қажет. Әсіресе, аудан әкімдері интернет-басылымдармен көбірек жұмыс істемесе болмайды. Биылғы жыл Бейбітшілік және келісім жылы деп жарияланып отыр. Демек, қоғамда барынша  келісім болуы – басты шарт. Ол осы отырған біздерге де қатысты. Сондықтан, журналистерге әрқашан есігіміз де, көңіліміз де ашық. Биылғы мерекелі жылы сіздер үшін брифингтер, басқа да шаралар көп өткізілмекші. Елбасының көреген саясатын және «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты биылғы Жолдауында атап көрсетілген басым бағыттарды халық арасында кеңінен насихаттап,  облыстың тыныс-тіршілігін жан-жақты қамтуды баршамыз болып алға сапалы қадам жасай түсетінімізге сенім мол, – деді өз сөзінде.
Мәжілісте жақын арада Ақмола облысының өңірлік ақпараттық саясатының тұжырымдамасы қабылданатындығы белгілі болды. Мұның өзі осы саладағы алда тұрған міндеттерді мақсаткерлікпен, жүйелі түрде шешіп отыруға мүмкіндік беретіндігі анық. Қоғамдық кеңестің алдағы жұмыс жоспары бекітілген отырыс соңы қуанышқа ұласып, зейнет жасына жеткен республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің Ақмола облысы бойынша меншікті тілшісі Бақберген Амалбектің иығына шапан жабылып, облыс әкімінің Алғыс хаты және бағалы сыйлығы табыс етілді. Қатысушылардың өтініштері бойынша журналистермен мұндай жүздесулер алдағы уақытта неғұрлым жүйелі өткізіліп тұратын болды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар