Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ел ырыздығы мол болсын - АРҚА АЖАРЫ

Ел ырыздығы мол болсын

Облыс әкімі Сергей Кулагин кезекті жұмыс сапарымен Бурабай ауданында болып, бірқатар әлеуметтік-  өндірістік нысандардың жұмысымен танысты, және аудан алдында тұрған жаңа  міндеттерді белгіледі.

Өңір басшысы алдымен «KazBeеfLTD» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ет өңдейтін кешенін аралады. Мұнда асыл тұқымды ангус, герефорд ірі қара малдары күтімге алынған. Алғашында  шаруашылықта 2600 бас ірі қара болса, бүгінгі күні мал саны 12000 басқа жеткен. Кәсіпорын еуропалық стандартқа сай ет өнімдерін өндіреді. Шығарылған өнімді Алматы, Астана қалаларымен қатар, көрші Ресей мемлекетіне де тасымалдайды. Кәсіпорын директоры Серікбай Садықовтың айтуынша,  өткен жылы  өндірілген өнім  көлемі 221 тонна болса, ағымдағы жылы оны 1800 тоннаға жеткізу жоспарланып отырған көрінеді. 
Бұдан соң өңір басшысы «Бурабай» вагон-жөндеу депосы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде болды. Аталмыш мекеме жүк вагондарын жөндеумен айналысады. Серіктестік директоры Жеңіс Мұхамедқалиев атқарылып жатқан жұмысты баяндап берді. Ол 2014 жылы 1200 вагон жөндеуден өткенін  тілге тиек етті. Осы жылы  жұмыс қарқынын бәсеңдетпеу, жұмысшыларға уақытылы жалақы төлеу, жұмыс орнын қысқартпау сынды мәселелер назардан тыс қалмайтынын айтып өтті. Облыс әкімі серіктестіктің тыныс-тіршілігінен хабардар болып, жұмысына оң баға берді.
Өңір басшысы Сергей Кулагин одан соң  Щучинск қаласындағы қарттар мен жалпы үлгідегі мүгедектерге арналған мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемесінде болды. Іргесі 1993 жылы қаланған мекемеде бүгінде  еліміздің барлық өңірлерінен  келген 103 қария тұрады. Облыс басшысы қарттардың бөлмелері мен асхананы аралап көрді.  Ол бір бөлмеде тек 2-3 адам ғана орналасу қажеттігін қадап айтты. Бұл мәселені жіті қадағалайтыны да сөз болды. Ал, асхана жергілікті кәсіпорынның ет өнімдерін пайдаланғаны жөн. Әрі  сапалы, әрі баға жағынан тиімді.
Ал, қариялармен жүздесу кезінде облыс әкіміне Нина Тоскунова әжей  мекеме ұжымы  жақсы күтетін жарқын жандар екенін тілге тиек етті. Осы ретте, ол барлық жағдайды жасап отырған Елбасыға ризашылығын білдіріп, қарттардың атынан Нұрсұлтан Назарбаевқа  сәлем айтуды өтінді. Облыс әкімі қариялар әрдайым мемлекет қамқорлығында болатынын айтып, мекемеге теледидар сыйлады.
Қаладағы №2 орта мектебін аралаған өңір басшысы мектеп асханасында  оқушылардың тамақтану жайын, түскі ас бағасын сұрастырып білді. Әлеуметтік жағынан аз қамтамасыз етілген  балалар тегін тамақтанады. Түскі ас бағасы 120 теңгені құрайды. Мұнан соң облыс әкімі «Айгөлек» шағын орталығына кіріп, бүлдіршіндерге ойыншықтар тарту етті. Сонымен қатар,  ол сол жерде мектеп бітіруші түлектермен кездесіп, таңдаған  мамандықтары жайлы сұрастырды. Оларға облыс көлемінде дәрігерлердің жетіспейтінін айтып, талапкерлерге арнайы грант қарастырылғанын әңгіме арқауына айналдырды. Кездесу барысында  оқушылар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, әңгіме еркін және ашық түрде өрбіді.
Осыдан кейін өңір басшысы қирап тұрған бұрынғы мәдениет үйінің ғимаратында болды. Бұл қала үшін маңызды нысан екені сөзсіз. Сол себепті, ол аудан әкіміне  нысанды тексерістен өткізіп, қолдануға жарамды болған жағдайда қалпына келтіруді тапсырды.

«Ұйқыдағы» Калачи селосының тұрғындары өзге елді мекендерге көшіріліп  жатыр. Соның бірі, Татьяна Протасова балаларымен Щучинск қаласына көшкен болатын. Аудан әкімдігі оны пәтермен және жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Берілген пәтер іші жарық әрі жайлы екен. Ол өз сөзінде көмек көрсеткен әкімдікке дән риза екендігін айтып, ағынан жарылды. Облыс әкімі  уақыт өте келе Калачи селосының тұрғындары түбегейлі көшірілетінін айтып өтті. Бүгінде осы мәселені шешу үшін барлық  мүмкіндіктер қарастырылып жатқан көрінеді.

Қалалық мәдениет үйінде өткен есеп беру кездесу жиынында аудан әкімі  Төлеген Ташмағамбетов ауданның өткен жылғы жетістіктері жайында баяндама жасап, ағымдағы жылы алға қойған мақсат, міндеттерді атап өтті. 
Жиында өңір басшысы Сергей Кулагин Бурабай курорттық аймағын дамытуға көп көңіл бөлу қажет екенін баса айтты.
– Өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жұмыстарын ширатуымыз қажет. Тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту, мемлекет пен кәсіпкерлер арасында тығыз қарым-қатынас орнату бүгінгі күннің басты талабы. Бірлесе атқарылған жұмыстар нәтижелі болуы үшін батыл қадамдар жасайық. Болашағымыздың жарқын болуы өзімізге байланысты екенін ұмытпағанымыз жөн, – деді облыс әкімі.
Жиын соңында өңір басшысы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына өзіндік  үлес қосқан азаматтарды Құрмет грамоталарымен марапаттады.

Бурабай ауданы.

 

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар