Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Әр істе адалдық керек - АРҚА АЖАРЫ

Әр істе адалдық керек

Дамыған елдерде үкіметтік емес ұйымдар ашық демократиялық қоғамға апаратын төте жол болып табылады. Біздің еліміздегі азаматтық қоғам институттарының рөлі дәл сондай деңгейге көтеріле қойған жоқ. Дегенмен, салада алға жылжушылық та жоқ емес.

Өзім өмір бойы  қоғамдық жұмыстармен айналысып келе жатқан адаммын. Мамандығым педагог-әдіскер болғандықтан, білім ошақтарында түрлі қызметтерді атқардым. Кейін мемлекеттік қызметте де өз бағымды сынап көрдім. Жаратылысым қоғамға, көпшілікке жақын болғандықтан, кабинеттік қағазбасты жұмыстың өзіме лайықты еместігін айқын сезіндім. Содан, үкіметтік қызметтен кетіп, қоғамдық ұйымдардың жұмысына етене араласа бастадым. Түрлі деңгейдегі бірлестіктер мені өз шараларына лектор, модератор ретінде шақырып отырды. Үкіметтік емес ұйым құруға бел байлағандарға құқықтық көмек көрсетіп жүрдім. Бірақ, кейін сондай бір ұйым ашып, өз идеяларымды жүзеге асыратын уақыттың жеткендігін түсіндім. Міне, екі жыл болды, «Sara»  қоғамдық қорын құрып, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде бірқатар ілкімді жобаларды жүзеге асырып келемін.
Жалпы, мен өзімді азаматтық қоғамнан бөліп алып қарастыра алмаймын. Ол – менің өмірім, менің қызметім.  Сондықтан да, өз жұмысыма барымды салып, көрген-білгенімнің бәрін жұртпен бөлісуге тырысамын. Меніңше, үкіметтік емес ұйым қай уақытта болмасын, қоғамның бел ортасында болуға тиіс.  Бүгін халықты мазалаған өзекті мәселелердің шешілуіне атсалысатын Үкімет пен қалың бұқараның арасындағы  алтын көпір – ол біз. Өкінішке орай, халық осыны біле бермейді. Бізде денсаулық сақтау, спорт, мемлекеттік тіл сая-саты, дін, жастар бағытында болсын, қоғамдық ұйымдар бар. Олар қандай да бір нақты мәселелерді шешуді, шешуге атсалысуды өз алдарына нақты мақсат етіп қойған.  Жапа шеккендерді оңалту, құқықтық көмек көрсету орталықтары жалпы, бізде бәрі-бәрі жеткілікті.  Бірақ, халық осының бәрінен бейхабар. Мен мұның себебін ең алдымен, осы саладағы жұмыстың сылбыр жүргізіліп отырғандығы деп білемін. Сонау жылдары естеріңізде болар, нашақорлықпен, ЖИТС-пен күреске бағытталған ұйымдар, «Жасыл ел» еңбек жасақтары өте мықты жұмыс жасады, атағы дүйім елге дүркіреп тұрды. Ол кезде ұйымдастырушылық жағы мықты еді.  Ал, 2005  жылы «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жөніндегі» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды да, жағдай өзгеріп шыға келді. Алдыңғыдай идеяға негізделген жұмыс біртіндеп әлсірей бастады.  Екі-үш жыл абдырап, ұйымдар есін жиғаннан кейін бұл істі бизнеске айналдырғысы келетіндер саны артты.  Қазіргі таңда қалыптасып отырған жағдай міне, соның жемісі. 
Тапсырыс беруші мекемемен келісім-шартқа отырған күннен бастап, жұмысқа кірісу керек қой. Бізде өкінішке орай, көп жағдайда олай бола бермейді. Әйтеуір, үстіртін есеп беріп құтылғылары келеді. Яғни, қадағалаудың жеткіліксіздігі жеңілдің асты, ауырдың үстімен жүргісі келетін үкіметтік емес ұйымдар санын көбейтіп отыр.  Бұл тек біздің облысқа ғана тән мәселе емес, жалпы, еліміздің қай өңірінде болмасын, осындай жағдай. Әркім адал жұмыс істесе, одан арылудың жалғыз жолы міне, сол болмақ.
Осындай ретсіздіктің бәрін көзбен көріп жүрген менің үкіметтік емес ұйым ашудағы мақсатым да осы еді. Яғни, өзім адал жұмыс істеп, одан айқын нәтиже шығарып, соны басқаларға үлгі еткім келеді.  Мәселен, биыл облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырысымен үкіметтік емес ұйымдарға ресурстық қолдау көрсетуге бағытталған жобаны жүзеге асыруды бастап кеттім.  Еңбекшілдер, Жақсы, Сандықтау аудандарында соларға жақын 9 өңірдің басын біріктіріп осы тақырыпқа байланысты семинарлар ұйымдастырдық. Ондағы  басты мақсат – халықты жан-жақты ақпараттандыру. Жұрт үкіметтік емес ұйым дегеннің не екені мен оның қай бағыттарда жұмыс жасайтындығын, не мақсатпен құрылатындығын білуі керек. Сонда ғана олар сол қоғамдық ұйымдарға өз мәселелерімен жүгінетін болады.  Аудан, ауыл-
дарда тұратын азаматтар өз өңірлерінде ненің жетіспейтіндігін, қай тұрғыда жұмыс істеу қажеттігін жақсы біледі. Сол семинарларда жергілікті жерде тұратын тұрғындар өз елді мекендеріне қажетті деген бағытта үкіметтік емес ұйым ашуға ниет танытып жатты.  Жобаның көздегені де осы ғой. Жұмыссыз жұртшылық осындай механизмнің барын, сол арқылы өз идеяларын жүзеге асыруға болатынын білулері керек.
Аудандарды аралап жүріп бір байқағаным, халық ақпараттандырылмаған, қоғамдық жүйе былай тұрсын, елде жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалардан да бейхабар. Бұл жерде кінәлілерді іздеудің қажеті жоқ. Осы олқылықтың орнын толтыруға өзіміз күш салуымыз керек.  Біздің бәріміздің  халықтың белсенділігін арттыруға тырысқанымыз жөн. Үкіметтік емес ұйым құру арқылы өз идеяларын жүзеге асыруға ынталылар болса, құжаттама жағынан, құқықтық тұрғыдан және жоба жасап, онымен мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс байқауына қатысу жағынан болсын, біз көмек көрсетуге әзірміз.
Меніңше, қоғамдық ұйымдар өз жұмысын мәнді, мағыналы, жүйелі, әрі кешенді етіп өткізер болса, одан қоғамдық өмірде серпіліс болады. Лотқа салынатын қаражат – ол мемлекеттің ақшасы. Түптеп келгенде, сіз бен бізден жиналған салық. Оның қандай бағытта және не үшін жұмсалып жатқандығын білуге  әркімнің де құқығы бар. Сондықтан да, мен қоғамдық ұйымдардың жұртшылық алдында атқарған тірліктері жөнінде есеп беруді қолға алғанын қалар едім. Ағымдағы жылдың аяғына қарай, жобаларды жүзеге асырып бітірген уақытта  осы іске бастамашы бола отырып, өзге әріптестерімді де  соған шақырсам ба деймін.
Қор жұмысынан басқа, мен медиация жағын да меңгерсем бе деймін. Бітімгерлік келісім тұрғысындағы өз білім-білігімді жетілдіріп, осы салада қызмет етсем деген ойым бар. Қалай десек те, мен қоғамнан алыстай алмаймын. Қайнап жатқан сол қоғамдық өмірдің бел ортасында жүремін. Басқалардың да бұл іске оңай олжа деп емес, жұртшылық алдындағы жауапты миссия деп қарағанын қалаймын. Себебі, өзіміз де қоғамның бір бөлшегіміз ғой. Сондықтан да, ең алдымен, өз арымыздың алдында таза болайық, қай салада болмасын, халыққа адал қызмет етейік демекпін.

Сара БАЙМАҒАНБЕТОВА,
«Sara»  қоғамдық қорының президенті.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар