«Үш бұлақ–2005» серіктестігінің құс фабрикасы осы заманғы талаптарға сәйкес жаңа технологиялармен жұмыс істеуде.
Бұл – шаруашылықтың Астана қаласын азық-түлікпен қамтамасыз ету бойынша қолға алынған маңызды жобаларының бірі. Өткен жылы пайдалануға берілген құс фабрикасының жобалық қуаттылығы 450 мың тауыққа арналған. Сондай-ақ, тәулігіне 300 мың жұмыртқа өндіруге мүмкіндік береді. Кәсіпорын күннен-күнге қарқынын арттырып келеді. Қазірдің өзінде кәсіпорын тәулігіне 130 мың дана жұмыртқа өндіруде. Осының арқасында, еңбек өнімділігі де арта түсті.
– Іріктелген дайын өнімді картон қораптарға салып, арнайы мұздатқыштар орнатылған сақтау бөлмелеріне жөнелтеміз. Одан соң, Астана қаласы мен еліміздің өзге өңірлеріндегі және аудандардағы сауда орындарына шығарылады. Бұл бізге жылына 90 миллион дана жұмыртқа өндіруге мүмкіндік береді,– дейді құс фабрикасының атқарушы директоры Диас Испанов.
Аслан ОСПАНОВ.
Ақкөл ауданы.