Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бір қауым ел болып күтіп алды - АРҚА АЖАРЫ

Бір қауым ел болып күтіп алды

Ярослав селолық округінің Радионовка селосына «ұйқылы» Калачи селосынан екі отбасы қоныс аударды.

Жергілікті атқарушы органдардың, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының өкілдері бірнеше рет Калачи селосында болып, «ұйқы» ауруына ұшыраған тұрғындарды біздің ауданға көшіп келуге шақырған еді. Аудан әкімі А.Никишов қоныс аударушылардың Радионовкаға ойдағыдай қоныстануын өз бақылауына алып, тұрғындарды осы елді мекенге бірге көшірісті. Мұнда калачиліктерді қора-қопсысымен, от жағылған жылы үйлер күтіп тұрған болатын. Округ әкімі М.Тихненко, «Алтын дән» ЖШС директоры К.Байзақов жаңа баспаналарының қоныс аударушылардың көңілінен шығуына барлық жағдайды жасауға тырысты. Көршілер, жергілікті негізгі мектептің мұғалімдері жаңа тұрғындарды құттықтап, алғашқы беттен бауырларына тартты. Шаруашылық әр отбасына 500 мың теңгеден ақшалай көмек көрсетті, бір сауын сиыр беріп, оны мал азығымен қамтамасыз етті. Төрт-бес жылдан кейін бұл үйлер қоныс аударушылардың өз жекеменшігіне берілетін болады.
Бүгінгі таңда жаңа тұрғындар серіктестіктің тыныс-тіршілігімен танысып та үлгерді. Мәселен, олар 200 бас асыл тұқымды герефорд сиырлары ұсталатын фермада болды. Мұнда шаруашылық басшысы калачиліктерге жұмыс беретінін айтып отыр. Алты баланың анасы Яна Овсейчик болашақ жұмысына риза. Ол он төрт жасынан бері мал шаруашылығында еңбек еткендігін, сондықтан, бұл ұсынысқа қуана келіскендігін айтады. Тұрып, үйреніп қалған жерімізден балалардың келешегі үшін көшіп отырмыз дейді.
Аудандық әлеуметтік қорғау, білім бөлімдерінің басшылары С.Дүйсембаева мен Ж.Сексенбаева көшіп келген отбасылардың балалары мектепке орналастырылып, тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілетіндігін, олардың жазғы демалысы да тиісті деңгейде ойластырылатындығын мәлімдеді. Ересек балалар колледжде оқитын болады.
Дарья  Ионина жаңа орынға әжесі Валентина Семеновнамен бірге қоныс аударып отыр. Шаруашылық үлкен, адамдары да ұнады, мен де жұмысқа орналасып, ендігі өмірдің ыстық-суығын осы ауылдың тұрғындарымен бірге көремін деп отыр. Жаңа жерде бірер күн дем алып, айналаға үйренісіп, бейімделе түскеннен кейін кешегі Калачи, бүгінгі радионовкалық екі отбасы мүшелері де бірі жұмысқа, бірі оқуға дегендей, өздерінің күнделікті тіршіліктеріне көшіп, көрші ауданда жаңа өмірлерін бастайды.  

 Серік ШАЙХИН. 

Атбасар ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар