Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Он үш меморандум өндіріске серпін береді - АРҚА АЖАРЫ

Он үш меморандум өндіріске серпін береді

Кеше Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев жұмыс сапарымен Ақмола облысында болып, «ЕНКИ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде өндірісті тұрақтандыру, жұмысшылардың еңбек құқығы мен кепілдігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша мәжіліс өткізді. Мәжіліске облыс әкімі Сергей Кулагин, облыстық басқармалар мен ірі кәсіпорындардың және  кәсіподақ ұйымдарының басшылары қатысты

Сапар барысында вице-премьер алдымен «ЕНКИ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кірпіш шығаратын зауытында болып, мұндағы жұмыс ырғағымен жақын танысты. Бұдан кейін зауыт кеңсесінде өндірістік процестерді тұрақтандыру, жұмысшылардың еңбек құқығын және кепілдігін қамтамасыз ету бойынша өткен мәжіліске қатысты. Мәжілісті облыс әкімі Сергей Кулагин ашып, жүргізіп отырды. Өңір басшысы алдымен өңірдегі өндіріс саласы мен экономиканың даму көрсеткіші жөнінде қысқаша хабардар етті. Оның айтуынша, өткен жылдың қорытындысы бойынша өңір экономикасына қаржыландырудың барлық көздерінен 181 миллиард теңге инвестиция (жекелей индекс көлемі –  122,3 пайыз) салынған. Оның 70 пайызы бюджеттен тыс қаражат болса, 8,7 миллиард теңге шетел капиталының үлесінде.
–Облыста белсенді 36 мың шағын және орта бизнес субъектілері тіркелген. Онда 137 мың адам (экономикалық белсенді облыс халқының 30 па-йызы, белсенді халық 444,2 мың адам) жұмыс істейді. Облыстың индустриалдық-инновациялық дамуында отандық үлесті арттыруға басымдық берілген. 2014 жылы Индустрияландыру картасы шеңберінде 17 миллиард теңгенің 10 жобасы қосылып, 720 тұрақты жұмыс орны ашылды. Әсіресе, облыста бұрын шығарылмаған тауарларды өндіруге бағытталған жаңа кәсіпорындар ашылуда. Бұл өз кезегінде ішкі нарықта импорттық тауарды алмастырып қана қоймай, экспорттық әлеуетті арттыруға мүмкіндік береді, – деді өз сөзінде облыс әкімі.
Сонымен қатар, облыс әкімінің орынбасары Дулат Нұрмолдин, «ЕНКИ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Нүритдин Сәмпиев, «Тыныс» акционерлік қоғамының кәсіподақ комитетінің төрайымы Надежда Бәйменованың да баяндамалары тыңдалды.
Мәжілісте «Тыныс» АҚ, «Степногорск подшипник зауыты» АҚ, «ҚазТрансОйл» АҚ және «Қазақстан Темір жолы» ҰҚ» АҚ тәрізді жергілікті кәсіпорындар мен ұлттық компаниялар арасында 22 миллиард теңгеден астам сомаға отандық үлесті дамытуды қамтамасыз ету бойынша 13
(жетеуі екіжақты, алтауы үшжақты) меморандумға қол қойылды. Оның ішінде, облыс әкімдігі мен жұмыс берушінің және кәсіподақтың арасында өнеркәсіптік процестің тұрақтылығы мен еңбек құқығы және жұмысшыларды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету мәселелері бойынша түсіністік жөнінде 6 үшжақты меморандум жасалды. Бұл құжаттар өңірдегі 9 мыңнан аса жұмысшының еңбек құқығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Меморандумға қол қою барысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев жергілікті атқарушы органдар мен Үкімет тарапынан бизнесті дамыту бойынша жан-жақты қолдау көрсетілетінін ерекше атап өтті.
– Әлемде болып жатқан әлеуметтік-экономикалық жағдай Қазақстанға да әсер етуі мүмкін. Сондықтан, Елбасы халықтың әл-ауқатын төмендетпеу жөнінде нақты тапсырма беріп отыр. Осы бағытта Нұрсұлтан Назарбаев өз Жолдауында нақты міндеттерді белгілеген болатын. Ақмола облысында қолға алынып жатқан жобалар міндет үдесінен көрінудің  айқын көрінісі. Бұл жобаларды жүзеге асыру, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын арттыруға және қосымша жұмыс орындарымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Әсіресе, жергілікті кәсіпорындар отандық үлесті дамытуға күш салуы керек. Оларға Үкімет тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілетін болады, – деді қорытынды сөзінде вице-премьер.

Суреттерде: меморандумдарға қол қою рәсімінен көрініс.

Суреттерді түсірген
Төлеген ҚОСШЫҒҰЛОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар