Бурабай курорттық аймағында Қазақстандағы осындай алғашқы ойын-сауық кешені – вейк-парк ашылды.
Бурабайдағы «Риксос-Бурабай» қонақ үй кешенінің жанынан, Щучье көлінің жағасында ашылған бұл ойын-сауық кешені экстремалды дем алуды жаны сүйетін туристерге жыл бойы үзіліссіз қызмет көрсетпекші.
«Щучье-Бурабай» курортты аймағын дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру туризмді дамытуға үлкен серпін беріп отыр. Мұнда «Риксос-Бурабай» қонақ үй кешенінің салынуы соның айқын дәлелі. Қазірге дейін бес жұлдызды қонақ үй кешенінің жанынан балалар дем алып, көңіл көтеретін, елімізде теңдесі жоқ «Қазақстандық лапландия», веложол, жабық теннис корты ашылды. Енді вейк-парктің ашылуы курортты аймаққа туристердің көптеп келуіне және өңірде туризмнің одан әрі дамуына зор септігін тигізетіні анық.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Бурабай ауданы.