Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жетімін жебеген ел едік қой... - АРҚА АЖАРЫ

Жетімін жебеген ел едік қой…

Жетім! Осы бір сөздің төңірегінде жиі ойланатын болып жүрмін. Жоқ, өз басым одан аманмын. Ардақты ата-анам, отбасым бар, ошағым бүтін.

Бірақ, арамызда жетімдік көріп, өзінің кім екенін, қайдан шыққанын, әке-шешесін, жеті атасын білмейтін балалар көп. «Баламның табанына кірген тікен, менің маңдайыма қадалсын» дейтін қазақтың жерінде тастанды қара көздер азаяр емес.
Кейде таң қаласың, кейбір жандар балаға зар болып, күні-түні үмітін үзбей, Алладан жалбарынып соны тілейді. Енді біреулер Алланың бергенінен безіп, сәбиін қоқыс жәшігіне тастайды. Тұрмыс жағдайын, тағдыр тауқыметін сылтау етіп, баладан бас тартады. Көзі қиып, жүрегі шыдап, шырылдаған сәбиін панасыз қалдырған тасбауыр жандар жер басып қалай жүреді екен? Осындай қатыгездіктің салдарынан бейкүнә нәресте дүние есігін ашпай жатып, өмір сынымен арпалысып, тағдыр тауқыметін тартады. Өмірлері соншалықты тәлкекке түсетіндей бұл шиеттей сәбилердің қандай жазығы бар? Бақытты балалықтың қызығын көріп, уайым-қайғысыз күн кешудің орнына, балалар үйінің терезесіне телміріп, «менің ата-анам қайда?» деп уайым жейтіндей бұл өмірге не жазып еді бейкүнәлар?!.
Осылай «көкек аналардың» өз перзентінен бас тартуы салдарынан тірі жетімдердің қатары жыл сайын көбейген үстіне көбейіп келеді. Тіпті, бұл қатыгездік бел алып бара жатқан соң, қоғамда перзентханалардың алдына өз бауыр еті балаларынан бас тартқан аналардың сол сәбилерін әкеліп тастап кетуі үшін дайын жәшіктер қою жөнінде мәселе көтеріліп жатыр. Кешегі жесірін жылатпаған, жетімін тентіретпеген қазақ үшін мұны көрмек түгілі естудің өзі аспаннан жай түскенмен бірдей болса керек-ті. Ғасырлар бойғы мейірімділік, бауырмалдылық қасиеттерімізден бойымызды барған сайын аулақ салып, тасбауыр қоғамға айналып бара жатқанымыздың бір көрінісі-ау, бұл.
Ешбір адам баласы дүниеге жетім болу үшін келмейді. Ендеше, қалың қазақ, сіздерден сұрарым, қолымыздан келгенше осы балаларды тірі жетім атандырмайықшы. Көп болып қолға алсақ, қоғам талқысына салсақ, бұл дендеп бара жатқан кепиеттің бетін ептеп бері қаратуға болатын шығар. Ал, болары болып, бояуы сіңіп жатыр деп елемей жүре берсек, ертең ұлт тәрбиесінде үлкен ойық жараға айналары айдан анық. Ертең дейміз-ау, қазірдің өзінде.  Өйткені, тәнін саудалаған жезөкшелік те, баласынан безген қатыгездік те, сыртқа асырап алуға бала беру де мына алмағайып заманда қазақ ұлтына да ешбір жаңалық болмай қалды. Серпілмесек, етек-жеңімізді жинамасақ, алда әлі не күтіп тұр?!.

Назира МАХАНОВА.

Степногорск қаласы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар