Облыс әкімі Сергей Кулагиннің төрағалығымен өткізілген бюджеттік комиссияның мәжілісінде 2015 жылға арналған облыстық бюджеттің кейбір өзекті тұстары қаралды.
Облыс әкімі өз сөзінде бюджеттен қосымша қаржы бөлу барысында өңірлерде қысқы жылу беру маусымының бірқалыпты өтуіне және оның ойдағыдай аяқталуына баса мән берілетінін атап көрсетті. Сонымен бірге, қазіргі уақытта жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын инвестициялық жобалардың тізбесін қайта қарау жөнінде жұмыс жүргізілгендігі хабардар етілді.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.