Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Халық Қаһарманы, Рейхстагқа бірінші болып Жеңіс туын тіккен Рақымжан қошқарбаев - АРҚА АЖАРЫ

Халық Қаһарманы, Рейхстагқа бірінші болып Жеңіс туын тіккен Рақымжан қошқарбаев

Жаудың  соңғы ұясы – Рейхстагтың үстіне Жеңіс туын желбіреткен Рақымжан Қошқарбаев  Ақмола облысының Тайтөбе ауылының маңындағы қыстақта дүниеге келді. Ол ата-анасынан ерте айырылды, 4 жасында анасы дүниеден өтсе, әкесі жалған саяси жаламен сотталып, ГУЛАГ лагерьлерінде болды. Рақымжан балалар үйінде тәрбиеленді.

1942 жылы 18 жасында әскер қатарына алынып, келесі жылдың жазында  Фрунзе қаласына әскери училищеге оқуға жіберілді. Осы жерде Рақымжан асыл арманы болған күтпеген жағдайға тап болады.  Жас жігітті әкесі іздеп тауып, екеуі сағынысып жолығысады.
Училищені 1944 жылдың қазан айында тәмамдаған Рақымжанға  кіші лейтенант шені беріліп, ол бірінші Беларусь майданының 3-ші армиясы құрамында соғысқа  аттанады.
 Берлин үшін қиян-кескі шайқаста  өзінің взводымен ең алдыңғы шептерде болды. Одер өзенінен өткеннен кейін оны партия мүшелігіне қабылдады. Бұдан кейін барлау взводының командирі, лейтенант Қошқарбаевқа Рейхстагқа Жеңіс туын тігу туралы тарихи жауынгерлік бұйрық берілді. Жалауды оған батальон командирі Давыдов және саяси жетекші Васильченко тапсырды. «Гитлер үйі» мен Рейхстагқа дейін арақашықтық 360 метр ғана, бірақ, ол жан-жағынан оқ жаудырылған ашық алаң үстінде еді. Рақымжан Қошқарбаев өзінің жауынгерлерімен бұл аса ауыр жолды толассыз оқтың астында 7 сағат бойы жерге жабыса еңбектеумен өтті.
Ақыры, лейтенант Рақымжан Қошқарбаев пен қатардағы жауынгер Григорий Булатов фашистер ұясының кеңсесiне  жетiп, Жеңiс туын Рейхстагтың бiрiншi қабатына тiгедi. Осы ерлiгi үшiн 150-шi дивизия басшылығы Рақымжан Қошқарбаевты Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынады. Алайда, сол кездегi әділетсіздіктің салдарынан Қызыл Ту орденi ғана  беріледі.   
Бірақ,  Рейхстагқа бірінші болып ту тіккен қазақтың батыр ұлының ерлігін туған елі жоғары бағалады. Елбасының Жарлығымен 1999 жылы Рақымжан Қошқарбаевқа лайықты түрде Халық Қаһарманы  атағы берілді. Тек бір өкініштісі, батырдың өзі 1988 жылы 10 тамызда  қайтыс болып, осы қуанышты күнді көре алмай кетті.
Көзі тірісінде де  «Алматы» қонақ үйінің директоры болып қызмет атқарған аяулы жерлесімізді тұстастары мен көзі көргендер де өте қарапайым, адамгершілігі мол, сыпайы жан ретінде еске алады. Содан болар, батырдың  Рейхстагқа бірінші болып  ту тіккен бұл көзсіз ерлігі көпке  дейін халқымызға беймәлім болып келді.  Тек 1965 жылы Ұлы Жеңіске 20 жыл толғанда алғаш осы ерліктің ақиқатына терең  бойлаған көрнекті жазушы-журналист Кәкімжан Қазыбаевтың зерттеу мақаласынан кейін ғана Рақымжан Қошқарбаевтың Ұлы Отан соғысындағы ерлігі мен батырлығы туралы кең тарай бастады. Кейін бұл мақала  халқымыздың ержүрек перзенті туралы «Кернеген кек» кітабына айналды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар