Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ел мүддесін биік ұстаймыз - АРҚА АЖАРЫ

Ел мүддесін биік ұстаймыз

 

Өткен 2014 жыл облыстық мәслихат депутаттары үшін ерекше болды. Осы жыл ішінде Елбасының «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты ел халқына арнаған Жолдауында белгіленген стратегиялық басымдықтарды өз жұмысымыздың негізіне алдық. Сондай-ақ, бұл жыл мәслихаттарға 20 жыл толуы аясында өтті. Депутаттар өз уәкілеттілігін іске асыратын мәслихат сессиялары жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өткізіліп отырды. Бұл жұмыс облыстық мәслихат регламентіне, сессияларға дайындық пен оны өткізудің іс-шаралар жоспарына сәйкес жүзеге асырылды. 

 

Бір жыл ішінде Ақмола облыстық мәслихатының 12 сессиясы өткізілді, оның 8-і кезектен тыс. Бұл сессияларда жалпы алғанда 105 мәселе қарастырылды. Олардың арасында облыстық бюджетті қалыптастыру және орындау, облысты индустриалдық-инновациялық дамыту міндеттері мен  перспективалары, мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларды іске асыру  барысы сияқты  өзекті мәселелер бар.   
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, облыстық мәслихат сессия-ларында жыл сайын облыс әкіміне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есептер тыңдалуда. Былтыр баяндама мәтіндері алдын ала облыстық газеттерде жарияланды, осылайша облыс жұртшылығына танысып шығуға мол мүмкіндік берілді. Сөйтіп, баяндаманы талқылау сессия өтерден бұрын БАҚ беттерінде өріс алды.   
Облыстық мәслихат сессияларында облысты индустриалдық-инновациялық дамытудың және кәсіптік-техникалық білім берудің жай-жапсары бойынша атқарушы органдардың жұмыстары да  талқыланды. Сонымен қатар, «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясында халықты жұмыспен қамтамасыз етудің барысына баға берілді. Біз сондай-ақ, түпкі нәтижеге бағытталған үш жылдық бюджетті қабылдау бойынша біршама тәжірибе жинақтадық. 2015-2017 жылдарға арналған облыстық бюджетті құру барысында депутаттар 197 ұсыныс енгізді, сол ұсыныстардың ішінен 1,4 миллиард теңгенің жобалары үстіміздегі жылдың бюджетіне енгізілді. Осылайша атқарушы және өкілетті органдардың қатысуымен кең ауқымда облыстың даму басым-дықтары айқындалып алынды.
Облыстық мәслихат депутаттары сессиялардың, тұрақты және уақытша комиссиялардың күн тәртібіне енгізілген мәселелерін талқылауда белсенділік пен  табандылық танытып, алға қойылған міндеттер мен проблемаларды шешуде сындарлы ұсыныстар енгізгенін атап кеткен жөн. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Үлгілік регламентінің ережелеріне сәйкес, облыстық өкілетті органның қызметін ұйымдастыру жөнінде облыстық мәслихат хатшысының есебі тыңдалды. Облыстық мәслихатта төрт тұрақты комиссия жұмыс істеп, жылдық жұмыс  жоспарына сәйкес өз қызметтерін ойдағыдай атқарып отырды. Жалпы алғанда, осы комиссиялардың 26 мәселені қарастырған 17 отырысы өткізілді. Есеп беру кезеңінде экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия 5 отырыс өткізіп, онда 6 мәселе қарастырылды. Олардың ішінен заңнама талаптарына сәйкес облыстық бюджетті қабылдау және орындау, Ақмола облыстық тексеру комиссиясының облыстық басқармаларда жүргізген тексерістерінің қорытындыларын шығару сияқты мәселелерді атап өтуге болады. Тұрақты комиссиялар өз жұмыстарында облыстық мәслихат сессияларының шешімдерінің орындалуына ерекше назар аударады. Осы орайда, есепті жылдың наурыз айындағы комиссия отырысында облыстық білім және денсаулық сақтау басқармаларының жұмысымен қатар, «Ақмола облысының автомобиль жолдарының жағдайы және оны жақсарту шаралары туралы» облыстық мәслихаттың ІІІ сессиясының шешімі мен «2014-2016 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» облыстық мәслихаттың ХХ сессиясының шешімінің орындалуы қарастырылғанын мысал ретінде айта кетуге болады.  
Жыл ішінде әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссия «Саламатты Қазақстан» және «Жұмыспен қамтудың жол картасы», кәсіптік және техникалық білім беруді дамыту, сондай-ақ, халықтың діни сауаттылығын арттыру бағытындағы жұмыстардың барысы, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру мәселелері бойынша төрт отырыс өткізді.  
Заңдылық, құқықтық тәртіп, депутаттық этика, экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия да жыл ішінде 4 отырысын өткізіп, оларда мектепке дейінгі балалар мекемелеріне балаларды қабылдауды ұйымдастыру,  ювенальды полиция мен мектеп инспекторларының жұмысы, су қоймаларын пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы суда құтқару қызметінің іс-қимылы және облыстың елді мекендерін абаттандыру мәселелері қаралып,  зерделенді.  
Аграрлық және индустриалдық-инновациялық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия облыстық басқармалардың, «Даму» және «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры», «Аграрлық кредиттік корпорация» кәсіпкерлікті дамыту қорларының өңірлік филиалдары, «Есіл» СПК», «Қазагромаркетинг» акционерлік қоғамының облыстық филиалы, өңірлік кәсіпкерлер палатасының маман-сарапшыларын шақыра отырып, агроөнеркәсіп кешеніндегі қайта өңдеу салаларының индустриалдық-инновациялық даму жайы мен перспективасы, сондай-ақ, шағын қалаларды дамыту бағдарламасын іске асыру, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, тағы басқа да мәселелерді қарап, ұсыныстар енгізді. Қарастырылған барлық мәселелер бойынша тиісті қаулылар қабылданғанын айта кеткен жөн. Атқарушы органдардың араласуын қажет ететін көкейтесті мәселелер облыс әкіміне жеткізіліп, қаулылардың орындалуы бақылауға алынды.  
Облыстық мәслихат жанында Қоғамдық сарапшылар кеңесі жұмыс істейді. Ол облыс аумағына құрылыс салу ережелері, жер учаскелеріне төлем ставкалары және тағы басқа мәселелер бойынша сараптамалық қорытындылар беріп отырады.   
Облыстық мәслихат аппараты өз жұмысында өкілетті органдардың тиімділігін арттыруға ықпал ететін қоғамдық іс-шараларды ұйымдастыруға да баса көңіл бөліп келеді. Мәселен, өткен жылдың қараша айында облыс көлемінде мәслихаттардың 20 жылдығы тиісті деңгейде атап өтілді. Сонымен бірге, мәслихат депутаттық корпустың жұмысы жайлы халықты кеңінен  ақпараттандырып отыруға барынша мүдделі. 2014 жылдың ішінде облыстық газеттердің беттерінде қазақ және орыс тілдерінде осы тақырыпта 60-тан астам материалдар жарияланғандығы соның айқын айғағы.  
Біздің депутаттар еліміз бен өңірдің маңызды саяси-әлеуметтік оқиғаларына белсене қатысуда.  Өткен жылы депутаттар «Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Елбасының Қазақстан халқына арнаған Жолдауын қалың бұқараға түсіндіріп, насихаттау жөнінде үлкен жұмыстар атқарды. Осы Жолдауда айтылған басым бағыттарды жүзеге асыру ісінде де халық қалаулыларының алдыңғы лектен көрінгені баспасөз және электронды БАҚ-тар арқылы көпшілікке кеңінен мәлім.
Әрбір депутат өз сайлау округімен тығыз байланыста болып, халықтың мұң-мұқтажына, ұсыныс-тілектеріне мүмкіндігінше назар аударды. Бұл жұмыстар әртүрлі кездесулер, қоғамдық қабылдаулар, саяси партиялардың филиалдары, үкіметтік емес ұйымдар, кәсіподақтармен бір-лесіп, ортақ мәселелерді шешу форматында өрбіді. Осындай жұмыстар биыл Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауында атап көрсетілген басым бағыттарды сайлаушылар арасында түсіндіріп, насихаттау  тұрғысында  басталды.  
Облыстық мәслихат депутаттары халықтың қолдауына мұқтаж және әлеуметтік жағынан әлсіз жандарға да үнемі көмек-қолдау көрсетіп отырады. Есеп беру кезеңінде депутаттар барлығы 40,6 миллион теңгеден астам сомаға материалдық және қайырымдылық көмегін көрсетті. Халық қалаулыларының жетекшілігіндегі кәсіпорындар мен ұйымдар Ұлы Жеңістің 69 жылдығында соғыс және еңбек ардагерлеріне, сондай-ақ, халықтың аз қамтылған топтарына да 10 миллион теңгеден астам қаржылай қолдау білдірді. Атбасар қаласында орын алған көктемгі су тасқынының зардаптарын жою сияқты ортақ істен де депутаттарымыз шет қалған жоқ. Айталық, облыстық мәслихат депутаттары осы табиғат апатынан зардап шегушілерге 2 миллион теңгеден аса материалдық көмек берді.  
Бұдан басқа да игілікті істерге тоқталсақ, депутаттардың бастамасы бойынша  Степногорск қаласы, Астрахан, Егіндікөл, Ерейментау, Жарқайың және Қорғалжын аудандарында биыл бірқатар мектептерге күрделі жөндеу жүргізуге қаржы қарастырылған. Бұған қоса, Степногорск қаласында көше жолдарына күрделі жөндеу жүргізу қолға алынды. Биылдың өзінде осыған 275 миллион теңге қаржы бөлу көзделген.  Жұмысымыздан мұндай игі мысалдарды көптеп келтіруге болады. Бұдан шығатын қорытынды, біздің депутаттар  өздерінің сайлаушыларына, олардың мұң-мұқтажына жандары ашитын, белсенді өмір позициясын  ұстанған жандар.
Оны олардың тек өткен жылы ғана өз сайлау-шыларымен 386 кездесу өткізгенінен көруге болады. Онда 699 өтініш қарастырылып, соның 215-і шара қолдану үшін түрлі атқарушы органдарға жіберілді және  мәселенің қаншалықты шешім тапқаны назарда ұсталып отыр. Біз жергілікті орындарды сапалы сумен, пәтермен қамтамасыз ету, тұрғын үй-коммуналдық қызметтің сапалы көрсетілуі, жұмыстың, жол қатынасының болуы, елді мекендердің дұрыс дамытылуы сияқты өзекті мәселелердің толғандыратынын жақсы білеміз.  Оларды атқарушы органдармен бірлесіп шеше түсу облыс тұрғындарының өмір сапасын арттыруға оң ықпал етуде.   
Біздің облыстан Парламент Сенаты мен Мәжілісіне сайланған  депутаттар да облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына жан-жақты қол ұшын беріп келеді. Бұл халық қалаулыларымен де облыстық мәслихат тығыз байланыста жұмыс істеп, әрдайым көкейтесті мәселелерді бірлесе шешуде.  
Оқырмандар аңғарып отырғанындай, міне, өткен жылдың ішінде депутаттар корпусы тарапынан ел игілігі жолында осындай бірқатар маңызды істер атқарылды. Биыл да бұл жұмыстар қарқын ала түспесе, бәсеңдемейтіні анық. Өйткені,  Елбасының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол»  атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауы бізді, халық қалаулыларын да осыған міндеттейді. Бұл тарихи құжатта «Мәңгілік ел» идеясын көтерген Ұлт Көшбасшысы еліміздің алдағы жылдары алар биік асуларын белгілеп беріп отыр. Әрі әлемдік дағдарысты ескерсек, биылғы 2015 жыл өзіндік ерекшеліктерімен оңайға соқпайтындығы да белгілі болуда. Мұны күні кешегі Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы айтқан қағидалардан да айқын аңғаруға болады.
Олай болса, осы жағдайларды ой елегінен өткізе отырып, алда ел мүддесі жолында биылғы мерекелі жылы да зор міндеттердің тұрғандығын жақсы түсінеміз. Облыстық мәслихат, жергілікті жерлердегі мәслихаттар мен барлық депутаттар корпусы осы орайда, атқарушы органдармен бірлесе отырып, облысымыздың әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан ойдағыдай дамуына бар күш-жігерлерін аянбай жұмсай түсетіндері айдан анық.
 Нина ДЬЯЧЕК,
Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар