Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген мәжілісінен кейін облыстық әкімдікте шұғыл жұмыс кеңесі өтті.
Кеңесте облыс әкімі Сергей Кулагин Елбасының Үкіметтің кеңейтілген мәжілісінде сөйлеген сөзінде алға қойылған міндеттер туралы айта келе, әр сала басшысына осы тапсырмалар бойынша нақты міндеттер жүктеді. Облыс әкімі өз сөзінде жоспарланған жұмыстардың барлығына үлкен жауапкершілікпен қарап, бөлінген қаржыны тұтастай игеруді тапсырды. Сондай-ақ, кәсіпорын-ұйымдарда жұмыс орындарын қысқартпауды, халықпен тығыз жұмыс істеп, әлеуметтік мәселелерді оңтайлы шешуді міндеттеді.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.