Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Арқа ажары» газеті өзінің бүгінгі санында оқырмандарды «Нұр Отан» партиясының «Ардагерлерді аялайық» жобасының аясында Кеңес Одағының Батырлары, жерлестеріміз Василий Бенберин, Василий Бовт және Виктор Булавскийдің Ұлы Отан соғысындағы ерлік істерімен та - АРҚА АЖАРЫ

«Арқа ажары» газеті өзінің бүгінгі санында оқырмандарды «Нұр Отан» партиясының «Ардагерлерді аялайық» жобасының аясында Кеңес Одағының Батырлары, жерлестеріміз Василий Бенберин, Василий Бовт және Виктор Булавскийдің Ұлы Отан соғысындағы ерлік істерімен та

Василий Митрофанович Бенберин

 

1918 жылы 9 мамырда Ақмола облысының Сандықтау ауданындағы Богословка селосында дүниеге келді. Орта мектепті және фабрика-зауыт училищесін бітіргеннен кейін Көкшетау «Астық дайындау» пунктінде жүргізуші болып еңбек етті.
1938 жылы жұмысшы-шаруалардың Қызыл Армиясына әскерге алынды. Қызыл Армияның Польша жорығына және фин соғысына қатысты. Ал, 1944 жылы  Орлов танкі училищесін тәмамдағаннан кейін  майданға аттанды. Ол 1-ші Беларусь майданының құрамында Польшаны азат ету ұрыстарына қатысып, ерлік көрсетті.
Алғы шептегі ұрыстардың бірінде гвардия кіші лейтенанты Василий Бенбериннің танкісі Пилица өзенін кешіп өтіп, жаудың қалың нөпірін  жермен жексен етті. Сөйтіп, ол өзеннің арғы бетіне алғашқылардың бірі болып шығып, жау плацдармын басып алды. Осылайша кеңес әскерінің негізгі күші келгенше жауға бас көтертпеді.
Ловеч қаласы үшін болған ұрыста аға лейтенант К.Никоновтың взводы құрамында оның экипажы  Бзура өзені арқылы  қалаға басып кірді.
В.Бенбериннің экипажы арнайы бұйрық алып, теміржол стансасын басып алды. Осы жанқиярлық ерлігі үшін оған КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен 1945 жылдың 27 ақпанында Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Василий Бенберин майданнан оралғасын Көкшетау облыстық партия комитетінің нұсқаушысы, Алматы қаласы Октябрь аудандық партия комитетінің өнеркәсіп және көлік бөлімінің меңгерушісі  қызметтерін атқарды.
1975 жылы зейнеткерлікке шықты. Ұлы Жеңісті жақындатқан Батырлардың бірі – В.Бенберин 2005 жылдың 24 қаңтарында Алматы қаласында 87 жасқа қараған шағында  дүниеден өтті.

 

 

Василий Афанасьевич БОВТ

 

1916 жылы Ақмола облысының Сандықтау ауданына қарасты Васильевка селосында дүниеге келген. Әскер қатарына шақырылғанға дейін Барнауыл қаласында жұмыс істеді. 1943 жылдың 23 маусымында Алтай өлкесі Барнауыл аудандық әскери комиссариатымен майданға алынды.  
1944 жылдың 24 наурызынан бастап Ұлы Отан соғысының қиын-қыстау күндерін бастан өткерді. 3-ші Украин және 1-ші Беларусь майдандарында Украинаны, Молдавияны, Польшаны азат етіп, Германиядағы ұрыстарға қатысты. Ол 5-ші екпінді армияның 60-шы гвардиялық атқыштар дивизиясының пулемет расчетіне басшылық жасады.
Соғыстың аяқталар шегінде, атап айтсақ,  1945 жылдың сәуір, мамыр айларында Берлинді алу операциясы кезінде ерекше көзге түсті. Осындай ұрыстардың бірінде оларға көрші орналасқан кеңес әскери бөлімдері кейін шегінген еді. Мұны байқап қалған жау әскері бұлардың тылына өтіп кетіп, қоршамақ болады. Василий Бовт өзінің пулеметімен жаудың үш шабуылын қайтарады. Ал, неміс әскерлері төртінші рет бас көтерген кезде, оларды өзіне жақындатып алып гранатамен көздерін жойған еді. Осылай ол өзінің әскери шебін жауға бермей ұстап қалды.
Ержүрек жауынгердің бұл ерлігі ескерусіз қалған жоқ. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1946 жылғы 15 мамырдағы Жарлығымен гвардия сержанты  Василий Бовтқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.  
В.Бовт  соғыс аяқталғаннан кейін әскерден босап, Дағыстан АССР-інің Кизляр қаласына тұрақтап, жұмыс істеді. 1949 жылдың 28 қазанында батыр о дүниелік болды. Оның денесі Кизляр қаласында жерленген.

 

 

Виктор Константинович Булавский

 

1918 жылдың 22 қаңтарында Көкшетау облысы Алексеевка селосында дүниеге келді. 1939 жылы  Коломенск әскери артиллерия училищесін бітіріп, лейтенант шенін алып, 7-інші армияның 402 гаубица артиллерия полкінің батарея командирі болып тағайындалады. Ұлы Отан соғысы басталғанға дейін-ақ, Кеңес әскері қатарында Батыс Украина мен Беларуссияны азат етуге және 1939-1940 жылдардағы  Фин соғысына қатысты. Сөйтіп, ол Карелияның Суммаярви өзені бойындағы 65,5 биіктігіндегі жау дотын басып алу кезінде қаза тапты.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Прези-диумының 1940 жылғы 15 қаңтардағы Жарлығымен лейтенант Виктор Константинович Булавскийге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Оның денесі Сестрорецкідегі әскери зиратта жерленген. Бүгінде бұл ерлік мемориалы. В.Булавскийдің қабірі әскери мемориалдың мәдени-тарихи мұра ескерткіштерінің алғашқысы ретінде тізімге енгізілді. Ленинград қалалық кеңесі атқару комитетінің шешімімен Батырдың есімі БЛКЖО Орталық Комитетінің Құрмет кітабына енгізіліп, Коломенск жоғары артиллериялық командалық училищесінің тізіміне мәңгіге қалдырылды. Ленинград және Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қалаларында көшелер, өзі қаза тапқан 65,5 биіктігі оның есімімен аталады. Көкшетау қаласындағы «Даңқ» ескерткіші алаңында да оның аты айшықталып жазылған. 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар