Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Астанада имамдар форумы өтеді - АРҚА АЖАРЫ

Астанада имамдар форумы өтеді

 Алдағы 19 ақпанда Астана қаласында Қазақстан имамдарының бірінші форумы өтеді. Бұл алқалы басқосуда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 2020 жылға дейінгі қызметін дамытудың тұжырымдамасы қабылданады деп күтіліп отыр. Осыған орай, біз Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Ақмола облысындағы өкілі, Науан хазірет атындағы Көкшетау орталық мешітінің бас имамы Қанат Қыдырминнен осы шараның мақсаты жөнінде қысқаша айтып беруін өтінген едік. Заман қарыштап дамыған сайын діни құндылықтарды да уақыт талабына сай жаңа арнада дамыту аса маңызды болып табылады. Сондықтан, бұл тұжырымдама қоғамымызда имани істерді дамытуға дәнекер болады. Мүфтиятпен ұсынылған бұл құжат еліміздің діни басқармасының өз жұмысын жаңа арнада жүргізуге деген талпынысын білдіреді. Себебі, бұл тұжырымдамада діни рәсімдерді жүргізуден бас-тап, осы салада білім беру, кадр әлеуетін жақсарту және дін қызметкерлерінің жауапкершілігін арттыру сияқты мәселелер қамтылып отыр.
Біз осы күнге дейін сыртқа көбірек қарайлап келдік. Діни құндылықтарды дамыту мәселесіне байланысты да  солай болғанын білеміз. Елбасымыз да шетелде діни оқу оқитын жастардың ата-бабаларымыздан жалғасып келе жатқан Әбу Ханифа мәсхабы негізінде білім жинағаны қажет екенін атап көрсеткен болатын.
Міне, бұл бағдарламалық құжатта отандық діни білім беру әлеуетін қалыптастыру жөнінде жаңа міндеттер қойылады. Имамдардың  бойында тақуалық, мейірімділік, сабырлылық сияқты қасиеттермен бірге, отансүйгіштік қасиеттің де болуы  қажет деген талап бар.
Шынында, нағыз мұсылман мен имамның имани келбеті қалай болу керектігі бүгінде ешкімді бейжай қалдырмасы анық. Өйткені, имамның Алланың алдындағы жауапкершілігі өте жоғары. Рухани білім де, дүниеауи таным да имамның дәрежесін көтере түспекші.
Алғаш рет ұйымдастырылып отырған ел имамдарының бұл форумы осы келелі мәселелерді талқылауымен маңызды екенін айтар едік. Қазіргідей әлемде исламға мол қауіп төніп тұрғанда, жат ағымдардың жетегіне түсіп, адасып жүрген бауырларымызды ата-баба ұстанған дәстүрлі шариғат жолына салу да басты мәселелердің бірі. Сондай-ақ, тұжырымдамада елімізге келіп жатқан теріс діни әдебиеттерге тосқауыл қойып, ондай еңбектерді өзімізде басып шығаруға да баса назар аударылмақшы. Сондықтан, біз бұл форумнан кейін дін саласында игі  өзгерістер бастау алады деп сенеміз. 

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар