Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ілкімді істермен ілгерілейміз - АРҚА АЖАРЫ

Ілкімді істермен ілгерілейміз

Облыс әкімі Сергей Кулагин Атбасар ауданына жұмыс сапарында аудан әкімінің тұрғындармен есеп беру кездесуіне қатысып, сөз сөйлеп, өңірдегі істің жайына баға бере келе, шешілмеген мәселелерді тиянақтады.

  Аудан әкімі Андрей Никишов алдымен өз баяндамасында ауыл шаруашылығы саласының даму барысы жайлы сөз қозғады. Өткен жылы ауданда  442 мың гектардан аса дәнді дақылдар себіліпті.  Осы салаға жаңадан 50 техника сатып алынған. Алайда,  өңірде ауыл шаруашылығы мақсаттарындағы 48 мың гектар жер телімдері пайдаланылмай, бос жатқаны анықталды. Аудандық мәслихаттың шешімі бойынша  бұл жер телімдерін дұрыс пайдаланбағандарға салық он есеге өсірілді. Бұл күрмеуі қиын мәселені оңтайлы шешуге сеп болмақшы.
Мал шаруашылығы да жанданып келеді.  Өңірде мал басы көбейе түсуде. Өткен жылы ірі қара мал саны 7,8, жылқы 7,9, құс 1,6 пайызға өскен екен. Алайда, қой мен шошқа санының көрсеткіші біршама төмендепті.
Шағын және орта бизнесті дамыту мәселесі де өз шешімін тауып келеді. Мемлекет кәсіпкерлерді жан-жақты қолдап, бизнесті кеңейтуде қол ұшын беруде. Осы орайда, аудан әкімі өңірде 2692 шағын және орта бизнес нысандары тіркелгенін алға тартты. Бұл ауданның әлеуетін арттырумен қатар, жұмыссыздықты азайтуға ықпал етуде. Екінші деңгейлі банктер кәсіпкерлерге 1 миллиард 200 мың теңге көлемінде несие беріп,  аталмыш қаражат сауда және бизнесті кеңейту бағытында жұмсалған.
 «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында Атбасар қаласындағы асфальт-бетон зауытының құрылысы аяқталды. Облыстық үйлестіру кеңесі «Новоалександровка селосындағы мал шаруашылығы кешенінің кірме жолдарын қайта құру» инвестициялық жобасын мақұлдап, оған қаржы бөлу жөнінде  Ұлттық экономика министрлігіне өтініш жолдапты. 2015-2017 жылдары  инвестициялық жобаларды қолға алу мәселесі одан әрі жалғастырылмақшы. Мәселен, тауарлы сүт фермасы, ет өңдеу зауытының құрылысы жоспарланып отыр. Аудан орталығын абаттандыру, ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары кешенді түрде іске асып келеді. Бұл жұмыстарда барлық іргелі кәсіпорындар мен шағын және орта бизнес нысандары қалыс қалмауда. Олар өз тарапынан көмек көрсетіп, Атбасар қаласын көркейтуге жәрдемдеспекші. Ағымдағы жылы жол торабын жөндеу және қызмет көрсетуге, ағаш отырғызуға 104 миллион теңге қаражат қарастырылған көрінеді. Тек ақша желге ұшпай, осы жұмыстар сапалы атқарылсын деңіз.
Ауданда көктемгі су тасқыны салдарынан зардап шеккен үйлерді қалыпқа келтіру және тұрғындарға жаңа тұрғын үй салуда қыруар шаралар атқарылды. 45 пәтерлі бірнеше үй тапсырылды. Мектеп ғимаратына күрделі жөндеу жүргізіліп, көше жолдары дұрысталды. Сөйтіп, бөлінген қаржы толықтай игеріліп, төтенше жағдайдан жапа шеккен тұрғындарға жағдай жасау мәселесі жыл бойы басты назарда болды. Баяндама соңында аудан әкімі өткен жылы өңірді дамыту жолында атқарылған жұмыстар аз болмағанын,  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа арнаған «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауындағы басым бағыттарды орындауға  қолда бар мүмкіндік пен әлеуетті дұрыс пайдалану қажеттігін жеткізді.
Облыс әкімі Сергей Кулагин азды-көпті жетістіктерге тоқмейілсімей, көрсеткіштерді одан бетер жақсарту керектігіне тоқталды.
– Алда бұл бағытта қыруар істер күтіп тұр. Осы орайда, шағын және орта бизнесті дамыту мәселелерін саралап алу қажет. Әсіресе, жергілікті тауар өндірушілердің өнімдерін сатып алып, оларды қолдау  беталысымыздың дұрыстығын айғақтай түспек, – деді өңір басшысы өз сөзінде.
 Сондай-ақ, қорытынды есеп бойынша әр сала басшысы хабарлама жасап, өткен жылы атқарылған істерді баяндады. Кездесу барысында айтылған сын-ескертпелер мен ұсыныстар бақылауға алынатын болды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар