«Бурабай» спорт сарайында шайбалы хоккейден Қазақстан Республикасы біріншілігінің екінші кезеңінің ойыны өткізілді. Бұл қызғылықты кездесуді облыс
әкімі Сергей Кулагин көріп, тамашалады.
Мұз айдынында Көкшетаудың «Арланы» мен Рудный қаласының «Горняк» хоккей командалары өзара бақ сынасып, тартысты ойын өткізді. Екі команда да алма-кезек шабуылға шығып, қақпаны торумен болды. Осылайша, бес шайба соққан «Арлан» командасы жеңіске жетті. Ал, мейман команданың хоккейшілері «Арланның» қақпасына үш шайба салды. Бұл жеңіс көкшетаулық көрермендердің мерейін бір өсіріп тастады. Осы
ойында Испанияның Гранада қаласында өткен қысқы Универсиадада күміс жүлдегер атанған Қазақстан құрама командасының белді ойыншылары Алексей Ишмаметьев пен Владислав Елаков ерекше көзге түсті. Жерлестеріміз алдағы уақытта да жеңіс тұғырынан көрініп, облыс мерейін үстем ете береді деген сенімдеміз.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.