Жібек жолы ауылындағы «Қазарт» серіктестігінің ескерткіш мүсін құюмен айналысатын көркем-өндірістік комбинатының алғашқы өнімдері шығарыла бастады.
Бұл жобаның құны 400 миллион теңгеге бағаланып отыр. Қазіргі кезде негізгі цех құрылысы 100 пайыз аяқталды. Мүсін кұюға қажетті отандық және ресейлік құрал-жабдықтар орнатылуда.
Комбинат дизайн, жобалау жұмыстары, қара және түрлі түсті темірден, пластиктен, табиғи тастан, гипстен және мозайкадан ескерткіш, мүсіндердің түр-түрін құюмен айналысатын болады. Қазіргі таңда алғашқы өнім шығарыла бастады.
– Кәсіпорынның жылдық қуаты 400 тонна ескерткіш, мүсін шығаруға мүмкіндік береді. 2019 жылдың екінші жартыжылдығында толық қуат пен жұмыс істеу жоспарланған. Бүгінгі күні комбинатта суретшілер, шеберлер және дизайнерлер жұмыс істеуде. Өнімді негізінен Қазақстан және ТМД елдеріндегі сауда орындарына шығару көзделген. Қазірдің өзінде Астана мен өзге өңірлерден сұраныс түсіп жатыр, – дейді серіктестік директоры Сапар Шаймарданов.
Аршалы ауданы.