Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Романның талабы сүйсінтеді - АРҚА АЖАРЫ

Романның талабы сүйсінтеді

 «Дарын» ғылыми-практикалық орталығының ұйытқы болуымен «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында  ғылыми зерттеулер мен шығармашылық жұмыстардың «Зерде» республикалық байқауының соңғы шешуші кезеңі ұйымдастырылды. Сайыс қорытындысында жерлесіміз Роман Рыбалко жүлделілер санатынан көрінді.

  Оқушылардың интеллектуалдық-шығармашылық әлеуетін шыңдау мақсатында өткізілген аталмыш доданың жеңімпаздарының арасында Көкшетау қаласындағы №12 орта мектептің 7 «В» сыныбының оқушысы Роман да бар. Осы орайда, оның  терроризм мен экстремизм мәселелерін мектеп бағдарламасында жас ерекшеліктерін ескере отырып енгізу қажеттігін көтерген жалғыз оқушы екенін айта кетейік.  Оның еңбегі халықаралық және отандық сарапшылар тарапынан жоғары бағаға ие болды.
Мәселен, Болгарияның София қаласындағы  Св. Климент Орхидский атындағы университеттің профессоры, саясаттану ғылымдарының докторы, «Көкше» академиясы жанындағы «Бейбітшілік, дау-жанжалдар мен медиация институтының» директоры Т.Дронзина ол таңдап алған тақырыптың бүгінгі қоғамда аса өзекті екенін айтып отыр.  Оның айтуынша, жас ізденуші өзінің ұшқыр ойымен дұрыс логикалық қорытындылар жасай білген. Ол зерттеу барысында тек ғылыми материалдармен, газет-журнал ғаламтормен ғана емес, халықпен де  тікелей байланыс жасаған. Осылайша, ол аталған мәселеге қатысты зайырлы қоғам өкілдерінің  айтар пікірлеріне де жан-жақты талдау жасаған.
Ал, Еуразия Ұлттық университеті халықаралық қатынастар кафедрасының профессоры,  саясаттану ғылымдарының докторы С.Қожырова автордың лаңкестік мәселесіне қатысты терминдерді және түрлі әдіс-тәсілдерді ұтымды қолданғанын ерекше атап өтті.  Өзі  жас болса да, тек елімізді ғана емес, жалпы, жаһан халқын алаңдатқан аса өзекті  терроризм мәселесін өз зерттеуіне арқау етіп алып, одан сақтану жолдарын зерделеген шәкірттің талабына тәнті болған «Балдәуреннің» басшылығы оған демалысқа жолдама сыйлады. Ендеше, біз де Романға тек сәттілік пен шығармашылық табыстар тілейміз.  

«Арқа ажарының» өз ақпараттары.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар