Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Асабалар да салық төлейтін болды - АРҚА АЖАРЫ

Асабалар да салық төлейтін болды

Жаңа жылдан бері салық жүйесінің баптары күшейтілді. Енді алдағы уақытта қайыршылар мен жезөкшелер ғана емес, такси жүргізушілері, асабалар мен өнер адамдары да өздерінің табыстарын заңдастырып, тапқан нәпақасынан салық төлеулері тиіс. Мұны салық органдары қатты қадағаламақшы. Бұл жаңа үрдіс жөнінде өнер адамдарының өздері мен мамандар не дейді?

 

Қажыбай ЖАХИН, дәстүрлі әнші:

 

– Кез келген нәрсенің шегіне жететін тұсы болады. Кезінде республикалық басылымдар, телеарналар осы мәселені көтере бастағанда көбі онша мән бере қоймап еді. Әлбетте, бұл жерде ескеретін бір нәрсе бар, ол ең алдымен, заңның талабы. Оны орындауымыз керек.
Мен дәстүрлі әндерді орындаушымын. Тойға көп шықпаймын. Себебі, дәстүрлі әнге, әншіге сұраныс аз. Одан қанша салық төлейді екенмін? Егер заң күшіне еніп тұрса, орындамауға ешкімнің қақысы жоқ. Тек, мен айтқандай, жолдарын бір ізге түсіру керек.

 

 

Алтынай ЖҰМАБАЕВА,
«Көкек» фольклорлық ансамблінің әншісі, асаба:
–  Жалпы, өз басым жеке өнер адамдары салық төлеуі тиіс деген пікірге қарсымын. Неге десеңіздер, үкімет тарапынан мәдениет саласына айтарлықтай көп көңіл бөлінбейді. Мәселен, біздің айлық табысымыз 30 мың теңгенің маңайында ғана. Сол себептен де, күнкөріс үшін той-томалаққа барып тұрамыз. Әншілер тойда ән айтса, той басқаруға шамалары келетіндері асабалықпен айналысып, материалдық қажеттіліктерін қамтамасыз етеді. Және де өнер адамдары мен асабалардың барлығы бірдей апта сайын тойға шыға бермейді ғой. Кейбіреулері оқта-текте, сирек шығады. Сонда айына 5-6 рет той басқаратындармен олардың арасы жер мен көктей емес пе?
Егер әр қалада немесе аудан орталықтарында асабалардың басын бір жерге тоғыстыратын, арнайы тапсырыстарды қабылдап, оларды әрқайсысына үлестіріп беретін асабалық орталықтар ашып, сол арқылы бәрі бірдей салық төлесе, мен құптар едім.

Әлібек СЕРҒАЛИЕВ,
айтыскер ақын, асаба:
– Қазір той бизнесінің тасы өрге домалап тұрғаны жасырын емес. Расында, тойға шығып жүрген өнерпаздардың жағдайы басқаларға қарағанда әлдеқайда жақсырақ. Біреудің бір айлығын  бір тойда алып кетулері мүмкін. Аз ғана мөлшердегі салықтан жалтарып, өнбейтін дау тудырудың да қажеті шамалы. Табысы бар ма, салық төлесін. Заң алдында бәрі бірдей. Тек қана бір уәжім бар. Ол – осы жүйені асабалар мен өнер адамдарына түсінікті әрі ыңғайлы етіп қарастырса.
Жалпы, асабалық бұрындары аса керемет кәсіп деп қаралмайтын. Ешкім қызықпайтын да. Жастар бухгалтер, бизнесмен, заңгер болуды армандайтын. Қазір менің байқауымша, асаба болсам деп жүрген азаматтар көп. Сондықтан, егер үкімет тарапынан асабалық белгілі бір нақты мамандық ретінде бекітілетін болса, ешбір асаба салық төлеуден қашпайды ғой деп ойлаймын.

Нұрлан ЖҮНІСОВ,
асаба, музыкант:
– Осы күні бойында бір кішкене өнері бардың бәрі тойға шығып, нәпақа тауып жүр. Себебі, мәдениет саласына айтарлықтай көңіл бөліне бермейді. Оларға сахнаға шығатын киім керек. Ән жаздырудың өзі қомақты қаржыны қажет етеді. Бейнебаян түсіру де оңай шаруа емес. Сондықтан, өнер адамдары күнкөрістің қамымен осы бір кішігірім табыстары үшін салық төлегені жөн емес. Енді заңмен бекітіліп қойса, амал қанша? Тек менің тілегім, әр асабаның тойдан түсіретін нақты табысын ескерсе деймін. Әйтеуір, сол ақша айналып келгенде ата-аналарымыздың қалтасына зейнетақы ретінде түседі ғой.

Әсем БОЛАТОВА,
Көкшетау қаласы бойынша мемлекеттік кірістер
басқармасы басшысының орынбасары:
– Асабалардың салық төлегені дұрыс деп ойлаймын. Заңда Қазақстан Республикасының кез келген азаматы табыс тапты ма, салығын төлеуі керек деп көрсетілген.  Мен де телеарналардан өнер адамдарының осы салық туралы пікірлерін тыңдадым. Соншама даурығатындай ештеңе жоқ. Қазірдің өзінде асабалардың ішінде жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, салығын төлеп жүргендері бар. Егер олар салық басқармасына келіп, түсінбейтін жерлерін сұрап алса, мамандар түсіндіріп беруге дайын.  

Сауалнаманы жүргізген: Ырысалды ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар