Демографиялық ахуал
2015 жылдың 1 қаңтарында облыс халқының саны 736528 адам болды. Соның ішінде қалалық жерде 347303 адам, ауылдық жерде 389225 адам тіркелді.
2014 жылдың қаңтар-желтоқсанында облыс бойынша 12870 сәби дүниеге келіп, бұл көрсеткіш 2013 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2 пайызға төмен болды.
Сондай-ақ, осы кезеңде 7491 адам дүниеден өтті. Табиғи өсім – 5379 адам. 2013 жылдың қаңтар-желтоқсанында табиғи өсім бұдан аз, яғни, 4901 адам болған.
Жоғары кәсіби білім
Биыл облыс аумағындағы 6 жоғары оқу орнында барлығы 10289 студент білім алуда. Оның 50,8 пайызы қыздар. Үш жоғары оқу орны – жекеменшікте.
Жалпы, студенттердің 54,4 пайызы мемлекеттік жоғары оқу орындарында оқиды.
Мемлекеттік білім беру гранты есебінен оқитын студенттер саны 13,6 пайыз, ал, мемлекеттік білім беру тапсырысы бо-йынша оқитындар 13,7 пайыз. Студенттердің 72,7 пайызы ақы төлеп оқиды. Қазақ тілінде оқитын студенттер саны бүгінгі таңда 43,8 пайызға тең.