Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жаңашыл ғылыми жоба - АРҚА АЖАРЫ

Жаңашыл ғылыми жоба

Соңғы бірнеше жылдар бойы Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті мен көпсалалы №5 «Таңдау» гимназиясы арасында «Жоғары оқу орны – мектеп» эксперимент алаңы жұмыс істейді. Мұның өзі ғылымға есік ашуда зор мүмкіндіктің бірі болып табылады.

  Осыған байланысты біз ғылым өз бастауын мектептен алады деп сеніммен айта аламыз. Өйткені, оқытушылар мен оқушылар ғылыми, лабораториялық және далалық зерттеулерді бірге жүргізе отырып, осы жолда белгілі бір нәтижелерге жетпей қоймауда.
Мен де өз тәжірибемізден сондай инновациялық идеялармен бөліскім келеді. 11-сыныптың оқушысы Асмина Көшкімбаева Ақмола облысы бойынша «ЭКСПО-2017» көрмесіне көзқарас» жастар жобалары конкурсының жеңімпазы болып танылды. Ғылыми жетекшісі С.П.Мороз. Асмина сондай-ақ, өнертапқыштық ұсыныстардың республикалық конкурсының финалына жетіп, «Ғылыми-техникалық үдеріс – экономикалық өсудің басты буыны» бағыты бойынша  «Жер және космос туралы ғылымдар» байқауының бірінші дәрежелі дипломына ие болды. Жас талапкердің бұл ғылыми жұмысына М.Н.Мырзаханова жетекшілік етті.
Бұл ғылыми жұмыста суды абсорбациялау мәнісі зерттеледі. Абсорбациялау дегеніміз бір затты келесісімен жұтып алу үдерісі. Егер белгілі бір затпен суды абсорбацияласа, онда оны климаты құрғақ аймақтарға тасымалдап апаруға болады. Бүгінгі таңда біздің сауда орындарында суға қосыла қалған жағдайда өзінің салмағынан 500 есе көп ертіндіні жұтып алатын гидрогельдер сатылады. Құрғақшылықта топыраққа калий полиакрилатын енгізсе болды, өсімдіктер ылғалды қажетінше алатын болады. Полиакрилатты суды бір жыл сақтауға болады. Біздің зерттеулер калий полиакрилатының негізінде гидрогельді пайдалануға болатынын көрсетті. Біз кішігірім мектеп не университет учаскесін көгалдандыра отырып, ауыл шаруашылығы саласында гидрогельді жаппай қолдану арқылы үлкен тиімділікке қол жеткізуге болатындығын байқай түсудеміз.
Калий полиакрилатын қол-дану экономикалық тұрғыдан өте тиімді. Ол ауа райы және топырақ жағдайларына байланысты 50 пайыздан 80 пайызға дейін суды үнемдеуге мүмкіндік береді. Егер аталған затты қалаларда қолданса, мұның өзі су ресурстарын ғана емес, сонымен бірге, электр қуатын да үнемдеуге жол ашады. Ал, енді әлеуметтік тұрғыдан алсақ, калий полиакрилаты климаты құрғақ аймақтарда өсірілетін дақылдардың өнімділігін арттырып, ел экономикасын жаңа деңгейге көтеретіндей әлеуетке ие. Өйткені, дақылдардың жемістері жақсы шығатындықтан, өсімдіктердің 98 пайызға дейін өсіп-өнуіне мүмкіндік туғызады. Соған байланысты олардың құрғақ ауа райына шыдамдылығы артады. Мұның өзі өнімнің мол болуына және өсімдіктердің ыстықты жақсы қабылдауына ықпалын тигізеді.
Қазір жоғарыдағы конкурс-тардың жеңімпазы ретінде Асмина Көшкімбаеваның ғылы-ми жоба додасында шет елге, яғни, Оңтүстік Кореяға барып, бағын сынап келуіне мүмкіндігі бар. Тек бұл үшін жас талапкерге демеушілік көмек керек.   

Маржан МЫРЗАХАНОВА,
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті профессорының міндетін атқарушы, медицина ғылымдарының кандидаты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар