Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жемқорлықтың дені білім саласында - АРҚА АЖАРЫ

Жемқорлықтың дені білім саласында

«Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалында  өткізілген жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің кезекті отырысында жазылмас дертке айналған осы бір кеселге қарсы күрес жүргізу және оның алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар тағы бір талқыға салынды. 

 Күн тәртібіндегі негізгі мәселе бойынша  «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы жанындағы жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы Серік Аяғанов баяндама жасады. Ол өткен жылы атқарылған іс-шараларға кеңінен тоқталды. Өткен жылдың наурыз айында республикалық қоғамдық кеңестің тексерісі  болып, сыбайлас жемқорлыққа байланысты біздің облысымызда заң бұзушылықтың  белең ала түскені анықталған еді.  Осыған орай, алдын алу жұмыстарын жақсартудың жайы  көбірек ауызға алынды.
Ал, «Нұр Отан» партиясының 2015-2025 жылдарға арналған партиялық бағдарламасы мен еліміздің жемқорлық қылмыстарға қарсы стратегиясын жүзеге асырудағы міндеттері жөнінде облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов, Мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Қуаныш Жапақов өз ойларын ортаға салды.
– Сыбайлас жемқорлықтың  алдын алып, оның тамырына балта шабу билік партиясының басты міндеттерінің бірі, – дей келе, облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі партия бағдарламасының маңыздылығына баса назар аударды. Сосын  партия бастамасымен еліміз бойынша жүргізілген сауалнама көрсеткішіне  тоқталып,  ондағы мәліметтердің  әлі де болса, көңілге қона бермейтінін айтты. Мысалы, респонденттердің 42 пайызы жемқорлықтың кең тарағанын айтса, ал, отыздан астам пайызы оған өздері куәсі болғанын жайып салған.
Қылмыстың бұл түрі өмірдің барлық саласында көрініс тауып отырғанын жоққа шығаруға болмайды. Тіпті, біздің облысымыз білім саласындағы жемқорлық көрсеткіштер жөнінен елімізде алдыңғы орынға шыққан. Осындай 11 оқиғаның 8-інде жазаға тартылған тұлғалар «Нұр Отан» партиясының мүшелері болып табылады. Ал, оның төртеуі білім мекемелерінің бірінші басшылары екен.
Сонымен бірге, бұл басқосуда жемқорлыққа қарсы  іс-қимыл жөніндегі облыстық қоғамдық кеңестің үстіміздегі жылы атқаратын іс-шаралары да белгіленді. Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі бағдарламаның  бірінші кезеңін жүзеге асыру бойынша «Жол картасы» бағдарламасын  орындаудың іс-шаралар жоспары бекітілді.
Жиында «Нұр Отан» партия-сы Атбасар аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қорлан Тәжденова өз саласы бойынша өткен жылы атқарылған жұмыстар жөнінде хабарлама жасап, ішкі партиялық тәртіпті нығайтудың мәселелеріне тоқталды. Соңынан күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша арнайы шешім қабылданды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар