Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Айтулы Аршалы - АРҚА АЖАРЫ

Айтулы Аршалы

 

«Ақмола Медиа Орталығы» ұйымдастырған баспа-сөз туры бұл жолы Аршалы ауданында жалғасын тапты. Сөйтіп, өңірдің бұқаралық  ақпарат құралдары-ның өкілдері Жібек жолы ауылында болып, осы елді мекеннің тыныс-тіршілігімен жақынырақ танысты.

 

Ауылдың көз тартар жиһазы
Журналистер ат басын бұрған алғашқы нысан – «Жәмила» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Аталған жиһаз фабрикасының құрылысына 70 миллион теңге көлеміндегі қаражат жұмсалыпты. Тек жыл басынан бері ғана 33 миллион теңгенің кеңселік жиһазын шығарған нысан «Zeto» деген атпен отандық нарықта танымал өндірістік комбинаттың филиалы болып табылады. Фабрика директоры Қайрат Бегалиннің айтуынша, бұл кәсіпорынның Алматыдағы бас өндіріс ошағы жұмсақ жиһаз, кеңсе жиһазы және білім ордаларына арналған жиһаздарды, пластиктен жасалатын тауарлардың мың жарымнан астам түрін шығарады.
Жібек жолындағы филиалда да жайлап осы іс қолға алынуда. Қазір Астананың дәл қасында орналасқан бұл кәсіпорын өз өңірімізден басқа  Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарының нарығы да еркін жаулап алды десек, артық айтқандық емес. Алдағы уақытта Еуразиялық Одақ елдерінде де сауданы жолға қою көзделуде.   Ай сайын фабрика 50-60 миллион теңгенің өнімін өндіреді. Бүгінде өңірдің медициналық мекемелері, шаштараздары мен вокзалдардың күту залдарынан тапсырыс қабылдап отырған өндіріс орны 127 ауыл тұрғынын жұмыспен қамтып отыр.
Ең бастысы, елорда маңындағы бұл фабриканың ашылуы  серіктестікке мемлекеттік сатып алуларға қатысып, тауарды  солтүстік өңірлерге қолжетімді бағада, әрі дер кезінде жеткізуге мүмкіндік беріп отыр. Отандық нарықта өзін мойындатып үлгерген кәсіпорын енді еліміздің батысында өз филиалын ашуды жоспарлауда.   
Ал, «Қазақстан көркем комбинаты «Қазарт»» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аталған елді мекендегі комбинатында болған бізге оның директоры Сапар Шаймерденов кәсіпорын құрылысына 400 миллион теңге көлеміндегі қаражаттың жұмсалғанын тілге тиек етті.  Ескерткіштер мен мүсіндер жасайтын бұл комбинатты ағымдағы жылдың қыркүйек айына қарай іске қосу жоспарланып отыр. Бүгінде бар база Астана қаласында. Әйткенмен, елордадағы шағын цехтар еңселі ескерткіштердің дизайнын жасап, жобалап, әзірлеуге мүмкіндік бере бермейді.
Сондықтан да, іргелес жатқан осы ауылда істі жолға қойып, еліміздің ғана емес, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінен де тапсырыс қабылдау, 50-ге жуық адамды жұмыспен қамту ойда бар. Бүгінгі таңда ғимарат толық салынып біткен, енді құрылғылар әкелініп жатыр. Жұмыс басталғаннан кейін мұнда жылына кем дегенде 400 тонна құймадан тарихи маңызды ескерткіштер мен мүсіндер құйылмақшы.

Мәлікке құрмет қуантады
Біздің көзіміз қоладан құйылған Кеңес Одағының Батыры, даңқты жерлесіміз Мәлік Ғабдуллиннің ескерткішіне түсті. Ол Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында облыс орталығына орнатылатын болады. Биіктігі 3,5 метр болатын бұл ескерткіштің жалпы құны 40 миллион теңгені құрапты. Нұрлан Далбай, Ринат Әбенов сияқты белгілі мүсінші-авторлармен бірлесе жұмыс істейтін комбинаттың Астанадағы «Мәңгілік ел», «Қазақ елі» сияқты маңызы жоғары монументтерді жасап шыққанын ескерсек, батыр бабамыздың еңселі ескерткішінің де бар талапқа сай боларына сенім мол.
Бұдан кейін біз аралаған әлеуметтік нысан – Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы орта мектеп. Мұнда аудандық бюджет есебінен төрт миллион теңге қаражат бөлініп, 70 шаңғы, 22 коньки мен үстел теннисі, шахмат, тоғызқұмалақ және гимнастикалық орындықтар сияқты спорттық құрылғылар сатып алыныпты. Тіпті, қала мектептерінің өзінде кездесе бермейтін мұндай дүниелердің қарапайым ауыл мектебіне берілгеніне ұстаздар да, оқушылар да дән риза. Олар енді аймақта жоғары спорттық нәтижелерді көрсетіп, тек алдыңғы қатарлардан көрінеміз деп сендіріп отыр.
Осылайша, елорданың дәл іргесінде орналасқан ауылды аралаған біз елді мекеннің кәсіпкерлер үшін де, инвес-торлар үшін де аса тартымды екеніне көз жеткіздік. Бизнес өкілдері ауданның осы мүмкіндіктерін жоғары бағалап, оны көршілес мемлекеттердің нарығына шығуға бастар басты тетік ретінде қарастырады. Ауданда өндірістің өркендеуі тек кәсіпкерлерге ғана тиімді емес. Мұнда кәсіпорындардың көптеп ашылуы ең бастысы, жергілікті  халықты  жұмыспен қамтып, одан түсер пайдадан бюджеттің кіріс бөлігін ұлғайтуға, түптің-түбінде, аудан тұрғындарының әл-ауқатын жақсартуға ықпалдасатын болады.

Суреттерде: Мәлік Ғабдуллин ескерткішінің жобасы; мектептің дене шынықтыру пәні сабағынан көрініс.

Аршалы ауданы.

 

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар