Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ерейментау - АРҚА АЖАРЫ

Ерейментау

Акция аясында

Үмбетей жырау атындағы аудандық мәдениет үйінде «Қазақстан халқы Ассамблеясы жылына жолашар»  акциясы өткізілді.

  Бұл саяси-қоғамдық шара көптеген кәсіпорын, ұйымдар мен мекемелерді және қоғамдық жұртшылық өкілдерін қамтыды. Аудан әкімі  Ермек Нұғыманов өзінің құттықтау сөзінде ұлтаралық келісім мен татулықты нығайта түсуде  Қазақстан халқы Ассамблеясының  атқарып отырған сан қырлы жұмысын ерекше атап өтті.
Аудан басшысы өз сөзінде тәуелсіз еліміздің ертеңгі тірегі болып табылатын жас ұрпақты «Мәңгілік ел» идеясы негізінде тәрбиелеу ісіне баса назар аударды. Бұдан әрі «Жастар қоғамдық келісімді қолдайды» флеш-мобында патриоттық әндер шырқалды.
Бұл күні «Мейірім» қайырымдылық акциясы шеңберінде Ермек Нұғыманов көпбалалы аналар Н.Есеналина, И.Кунц, Н.Чеченева және К.Чинтоловаға сияпат жасады.  Бұл қайырымдылық көмегіне Ә.Жакудина, Д.Харин, С.Ивченко, С.Чернышев, А.Рахымбеков сияқты кәсіпкерлер өз үлестерін қосты.

Раушан БАРЖАҚСЫ.

 

 

Сенімді жүреді

 

«Өмір жолы» жобасы ерейментаулық соғыс ардагерлеріне де өз шарапатын тигізетін болды.

 

Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Төлеген Әбдин майдангерлер Николай Фролов, Кәрім Оспанов  және Марк Спижевойға дабыл түймесі  бар «Техет-113» ұялы телефонын тапсырды. Сөйтіп, ардагерлер денсаулығы бұдан былай жіті бақылауда болатын болды. Олар кенет  ауырып-сырқап, денсаулықтарына қауіп төнсе, телефондағы түймені басып, жедел көмек ала алады.
Қатары сиреп қалған майдангерлерді осындай дабыл телефондарымен қамтамасыз ету «Өмір жолы» қоғамдық қорымен және «Beeline» байланыс операторымен қолға алынуда. Жобаға «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» бас-көз болуда. Бұл қамқорлық сөз жоқ, ерейментаулық соғыс ардагерлерін де қуантып отыр.
Людмила МАРКОВА.

 

 

Ұмытылмайды

 

Ерейментау қаласында ауған соғысы ардагерлері аудан басшыларымен және мектеп оқушыларымен кездесті.

 

Бұл шара ауған жерінен Кеңес әскерлерінің шығарылуының 26 жылдығы қарсаңында аудандық ішкі саясат бөлімі жанындағы жастардың ресурстық орталығымен ұйымдастырылды. Шараға қатысушылар алдымен, осы әскери ұрыстарда қаза тапқан боздақтарды бір минуттық үнсіздікпен еске алды.
Кездесу барысында ауған соғысының ардагері интернационалист-жауынгер Е.Хасенов әскер қатарына шақырылатын жасөспірімдерге алғашқы әскери куәліктер тапсырды. Одан әрі ауған соғысы  ардагерлерінің сол қанды қырғындағы ерлік істері, бүгінгі хал-жағдайлары сөз болып, әкімдік тарапынан оларға алдағы уақытта да мүмкіндігінше көмек-қолдау көрсетілетіні айтылды.
«Ақмола  Медиа Орталығының»  
 ақпараты бойынша.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар