«Достар» мәдениет сарайында «Нұр Отан» партиясы-ның «Жас Отан» жас-тар қанаты Көкшетау қалалық филиалының ұйым-дастыруымен Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен кездесті.
Аталған жобаның негізгі мақсаты ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру, отансүйгіштікті нығайту және қарттарға құрмет көрсету болып табылады. Бұл шара Ұлы Жеңістің 70 жылдығын тойлау қарсаңында ерекше мәнге ие болып отыр. Басқосуға ардагерлер
Елдес Қоңыров, Асылбек Дәулетов, Жават Габдулкафеев қатысып, соғыс жылдарындағы естеліктері мен жеңістің қадірі жайлы әңгіме өрбітті.
Кеш барысында ардагер Елдес Қоңыров өскелең ұрпақ сол бір сұрапыл жылдарды ұмытпай, соғысқа қатысқан майдангерлерді әрдайым назарда ұстайтындары үшін ризашылығын білдірді.
Ал, «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» жастар қанаты Көкшетау қалалық филиалының атқарушы хатшысы Абай Жамалиев өз кезегінде кездесу жастарға сол бір кез туралы деректерді куәгерлердің аузынан естуге мүмкіндік беретінін сөз етті. Сонымен бірге, жастар тарапынан ардагерлерге әлеуметтік көмек көрсетіліп, олардың оқ пен от арасындағы ерліктері мәңгілік ұмытылмайтыны айтылды.
Жиында қариялардың құрметіне мерекелік концерт қойылып, облыстық мәслихат депутаты Елена Мащинскаяның қолдауымен ақ дастархан жайылды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.