Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жаңа мектептер салынуда - АРҚА АЖАРЫ

Жаңа мектептер салынуда

Облыстық білім басқармасының  кеңейтілген алқа мәжілісінде 2014 жылдың қорытындысы мен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты ел халқына арнаған Жолдауынан туындайтын  2015 жылдың міндеттері қаралды.

Кеңейтілген алқа мәжілісіне аудан әкімдерінің орынбасарлары, білім бөлімдерінің жетекшілері мен білім беру ұйымдарының басшылары қатысты. Алдымен іс-шарада облыстық білім басқармасының басшысы Балым Ізбасарованың баяндамасы тыңдалды. Онда басқарма басшысы 2014 жылы білім беру саласына бюджеттен бөлінген қаржы өткен 2013 жылмен салыстырғанда 2 миллиард 308,7  миллион теңгеге көп бөлінгенін атап өтті. Бұл қаражат алдымен мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне жұмсалғаны айтылды. Мәселен, өткен жылы облыста 3119 орынға шақталған 27 нысан іске қосылыпты. Оның 13-і бала бақша және 14-і шағын орталықтар. Мұнымен де облыста бала бақшадан өз кезегін күткен бүлдіршін саны азаяр емес. Жалпы, осы күні 24 мыңнан астам балаға орын керек. Бұл ретте, Балым Сәбетқызы бала бақшадағы орын тапшылығын азайту үшін аудан әкімдері мен білім бөлімдеріне бірлесе отырып, жеке инвестицияларды тартуды тапсырды. Өйткені, еліміздің басқа облыстарында бұл жұмыстар бұрыннан жүргізіліп келе жатыр.
Сонымен қатар, баяндама барысында Назарбаев зияткерлік мектебінің оқу-әдістемелік тәжірибесі Бурабай ауданының №1 гимназиясында және Көкшетау қаласындағы №6 орта мектебінде тәжірибе жүзінде қолданылып жүргендігі баяндалды. Және де облыстағы 1318 білім беру мекемесінің тек қана 42 пайызы жаңа модификациямен жабдықталыпты. Елбасының мектептердегі үш ауысымды оқытуды тоқтату туралы тапсырмасы да облыста оң шешілген. Бүгінгі күні Көкшетау қаласының іргесінде орналасқан Краснояр селосындағы №2 және №3 орта мектептерінің қосымша құрылыстары  мен Еңбекшілдер және Бұланды аудандарында мектептердің құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Алдағы жылдары республикалық бюджет есебінен Көкшетау қаласында, Бурабай ауданында 900 орынға шақталған, Бұланды ауданының орталығында 420 орындық, Ерейментау ауданының Қаражар ауылында 200 орындық мектептердің құрылысы жүргізілетін болады. Мәжіліс барысында оқу жылының басында түрлі мәселелер тудыратын оқулықпен қамту, оны мектеп басшылығы тарапынан қатаң бақылау сияқты жағдайлар да сөз болды.  
Бұдан әрі облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Бейбіт Жүсіпов, білім сапасын бақылау департаментінің директоры Артур Еділханов, Аршалы ауданы әкімінің орынбасары Айна Мүсірәлімова, Степногорск қаласындағы №5 «Колосок» бала бақшасының меңгерушісі Надежда Подалько және тағы басқа білім беру ұйымдарының басшылары сөз алып, өздері жетекшілік етіп жүрген мекемелерде атқарылып жатқан істер мен білім саласына қатысты келелі мәселелерге тоқталды.
Алқа мәжілісінің соңында облыстағы үздік педагогтарға грамоталар мен алғыс хаттар табыс етіліп, кеш концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. Сондай-ақ, мәжіліске қатысушылар назарына облыс орталығындағы «Балалар көркемсурет мектебі»  оқушыларының суреттер көрмесі ұсынылды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар