Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жақсы жағына өзгерістер байқалады - АРҚА АЖАРЫ

Жақсы жағына өзгерістер байқалады

Бұл алқа мәжілісінде сөйлегендердің сөздерінде баса айтылды

Денсаулық сақтау саласындағы жұмыстың жай-күйін саралаған осы басқарманың алқа мәжілісі болып өтті.

Алқа мәжілісіне облыс қалалары мен аудан әкімдерінің орынбасарлары, денсаулық сақтау саласының қызметкерлері қатысты.
Жиынды облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қасымжан Тәшметов ашып, жүргізіп отырды. Мәжілісте аталмыш басқарма басшысының бірінші орынбасары Күлзира Әбдірахманова сала бойынша өткен жылдың қорытындылары мен 2015 жылы атқарылуы тиіс шаруаларға кеңінен тоқталды.
– Қазіргі таңда денсаулық сақтау саласына айрықша көңіл бөлінуде. «Денсаулық – басты байлық» демекші, елімізде аталмыш саланы дамытуға қатысты «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы тиімді жұмыс істеуде. Бағдарламаны жүзеге асыру барысында облыстың медицина саласы бойынша оң индикаторлық көрсеткіш байқалуда, – дей келе ол саланың басым бағыттарына баса назар аударды. Сондай-ақ, облыстың денсаулық сақтау нысандарының материалдық-техникалық базасы жайында да кеңінен әңгіме өрбітті. Атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесінде медициналық жабдықтармен қамтамасыз ету 65 пайызды құрады. Облыс аудандарының барлығы санитарлық реанимобильді автокөліктермен қамтамасыз етілген. Ал, халықтың өмір сүру жасы 66-дан 68-ге ұзарған. Жалпы, өлім-жітім көрсеткішінің төмендегені де байқалуда.
Облыста 35 аурухана, 103 дәрігерлік амбулатория мен 58 фельдшерлік акушерлік пункт бар. Бұл мекемелерде 1842 дәрігер мен 6122 орта медицина қызметкерлері еңбек етуде. Сонымен қатар, өткен жылы 9 денсаулық сақтау нысаны пайдалануға берілген. Астананың айналасындағы елді мекендердегі тұрғындарға шұғыл медициналық көмек көрсету үшін санитарлық авиациялық бөлімше ашылды. Соның нәтижесінде Астана  аумағындағы Ақкөл, Шортанды, Аршалы, Қорғалжын, Егіндікөл, Астрахан, Ерейментау, Целиноград  аудандарының  150 тұрғынына шұғыл медициналық көмек көрсетілген.
Алқа мәжілісінде Атбасар, Ақкөл, Бурабай аудандарында ауданаралық травматологиялық бөлімшелердің ашылуы тілге тиек етілді. Сонымен қатар, ауылдардағы амбулаториялар мен фельдшерлік пункттерге жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жекеменшік кәсіпорындар жұмылдырылып  жатқаны кеңінен сөз болды.
Жиында кадр мәселесі де баса айтылды.  Өткен жылы облысқа 69 жас дәрігер  келсе, мектеп түлектері арасында да үгіт-насихат жұмыстары жүргізілген. Осы жұмыстардың нәтижесінде 156 талапкер медициналық жоғары оқу орындарына түсті. Ал, осы жылдан бастап облыс әкімі Сергей Кулагиннің  ұсынысы бойынша жүзден астам мектеп бітіруші түлек облыстық бюджет қаржысы есебінен оқытылмақшы. Сондай-ақ,  тұрғындарды тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуде біздің облыс республика бойынша үшінші орында тұрғаны айтылды.   
Жиында Атбасар ауданы әкімінің орынбасары Шахарман Бекмағанбетова  денсаулық сақтау саласын дамытуға қатысты жергілікті жерде жүзеге асырылып жатқан шаруалармен таныстырып, соңғы бес жылда ана өлімі орын алмағандығын жеткізді. Сондай-ақ, облыстық бюджет есебінен реанимобильді көлікке қол жеткізгендерін де айтып өтті. Әсіресе, ол өткен жылы су тасқыны салдарынан зардап шеккен атбасарлықтарға дер кезінде медициналық көмек көрсетіліп, жағдай жіті назарда болғаны үшін басшылыққа өзінің шынайы ризашылығын жеткізді.
Жарыссөзде өзге мамандар да сөз алып,  сала бо-йынша атқарылып жатқан жұмыстарға қатысты хабарламалар тыңдалды.
 Отырыс соңында алғашқы медициналық көмекті жетілдіру, науқастарға сапалы медициналық көмек көрсету, тұрғындарды тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, аурудың алдын алу бойынша скринингтік тексерулер жүргізіп, денсаулық сақтау нысандарының материалдық- техникалық базасын нығайтуға қатысты басым бағыттар сараланып, мамандар өзара пікір алмасты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар