Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қатерлі кеселмен бірлесіп күресейік - АРҚА АЖАРЫ

Қатерлі кеселмен бірлесіп күресейік

Нұржан ИСАҚОВ,
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев әлемде қалыптасып отырған қазіргідей  жағдайда стратегиялық шешімдер қабылдай алу шеберлігін айқын көрсетіп отыр.  Бұған Президенттің «Нұр Отан» партиясының Саяси кеңесінде  жариялаған «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауы айқын дәлел бола алады. Осы бір маңызды құжатты іске асыруда жауапкершілік жүгі ауыр. Алға қойылған биік мақсаттарға қол жеткізу үшін мемлекеттік аппараттың да халықтың алдында адал болғаны абзал. Міне, осы жолда кездесетін сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – біздің департамент үшін басты міндет.

  Аталған маңызды құжатта еліміздің қарқынды дамуының басым бағыттары жеке-жеке қарастырылып отыр. Жолдауда әсіресе, инфрақұрылымды жаңғырту арқылы жаңа жұмыс орындарын ашып, экономиканы төмендетпеу тетіктері көзделген. Бұл мақсатқа қазынадан қыруар қаржы бөлінді. Осы орайда, оның негізгі бөлігінің Ұлттық қордан екендігі белгілі. Ең бастысы,  біз жаһандық дамудағы келеңсіз жағдайлар мен тұрақсыздықтың  алдын алу мақсатында биліктің дәл осындай қадамға барып отырғандығын дұрыс түсінуіміз қажет.  Елбасымыз айтпақшы, «Нұрлы жол» –  біздің әлемдік дағдарысқа берер жауабымыз болмақшы.  Бұл Жолдау тек елдің экономикалық әлеуетін арттыруды ғана емес,  ел халқының бірлігін де бекем етуді, халқымызды тұтастыра түсуді көздейді. Ұлт Көшбасшысы аталған стратегиялық құжатта: «Мен өзімнің тәжірибемнен алдын ала сезіп отырғанымдай, таяудағы жылдар жаһандық сынақтардың уақыты болады. Әлемнің бүкіл архитектурасы өзгереді. Барлық елдер осы күрделі кезеңнен лайықты өте алмайды. Бұл шептен тек мықты мемлекеттер, жұдырықтай жұмылған халықтар ғана өтетін болады», – деп қазақстандықтарды елдегі бейбітшілік пен өзара келісімді сақтай отырып, бір мақсатпен ортақ Отанымыздың игілігі жолында еңбектенуге шақырды.
Ал, жуырда ғана өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент аталған мәселеге қайта оралып, қазынадан бөлінетін әрбір теңгенің мақсатты жұмсалуы қажеттігін тағы да  жауапты тұлғаларға қадап айтты. Бір қуантарлығы, жаһандық экономиканы алда күтіп тұрған осыншалықты ірі сынақтарға қарамастан, бізде мемлекет әлеуметтік сала алдындағы жауапкершіліктен бас тартып отырған жоқ. Осы орайда, Ұлттық қордан бөлінетін миллиардтаған теңгенің ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетпей, діттеген жеріне жетуі біздің Агенттік, соның ішінде біздің департаменттің де  атқарар жұмысының негізгі бағыты. «Қазақстан-2050» Стратегиясы: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында жемқорлық ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіретін кесел ретінде қарастырылып, осы бір жағымсыз әрекет түрімен күрес тек тиесілі органдардың ғана емес, жалпы, ел азаматтарының міндеті екендігі айтылады.  Еліміздің басты  стратегиялық құжатында атап көрсетілген бұл басымдылықтар біздің алдағы жұмысымыздың, еліміздің жемқорлыққа қарсы жүргізетін мемлекеттік саясатының да басым бағыттары мен негізгі бағдарын айқындап беріп отыр.
Экономиканы дамыту, халықтың әл-ауқатын жақсарту, әлемнің озық дамыған отыз мемлекетінің қатарына кіру бойынша алда тұрған келелі міндеттерді шешу бізден сыбайлас жемқорлықпен күрестің жүйелі әдіс-тәсілдері мен кешенді шараларын қолға алуды қажет етті. Себебі, жемқорлықтың мемлекеттік басқарудың тиімділігін, елдің инвестициялық тартымдылығын төмендетіп, әлеуметтік-экономикалық дамуды айтарлықтай тежейтіндігіне көзіміз әлдеқашан жетті.  Міне, осыған орай, Елбасының тікелей бастамасымен «Нұр Отан» партиясының  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағдарламасы жасалды. Ал, өткен жылдың аяғында Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл стратегиясы бекітілді. Бұл құжат біз айтып отырған қауіпті кеселмен күрес жолдарын нақтылап, жемқорлыққа баруға итермелейтін жағдайлардың алдын алуды көздейді.  Оны тудыратын себеп-салдарларды болдырмау да – Стратегияда  көзделген басты мақсаттардың бірі. Тұтастай алғанда, аталған Стратегия мемлекет пен қоғамның тыныс-тіршілігінің негізгі салаларын қамтуға, жемқорлыққа қарсы жан-жақты және дәйекті шаралар кешенін әзірлеп, мемлекеттік биліктің барлық деңгейлерінде, сондай-ақ, жеке секторда сыбайлас жемқорлықты барынша азайтуға, оның барлық көріністеріне қоғамда «нөлдік» төзімділікті қалыптастыруға бағытталуы тиіс.
Бұл бағытта мемлекеттік қызмет пен жемқорлыққа қарсы күрес  саласындағы реттеуші және құқық қорғаушы қызметтерді бір арнаға тоғыстырған Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аумақтық департаменті де өзіне жүктелген зор міндетті жете түсінгендіктен,  бұл істен шет қалмайтыны айдан анық. Департаменттің жұмысы тек мемлекеттік қызметке қабылдау мәселелерін реттеп, мемлекеттік аппараттың «тазалығына» мониторинг жүргізумен ғана шектелмейді. Біз жемқорлық қылмыстардың алдын алумен де, оған қатысы барларды жазаға тартумен де айналысамыз. Осы тұста мен біздегі Тәртіптік кеңес хатшылығының жұмысына тоқтала кеткенді жөн көріп отырмын. Былтыр департамент қайта құрылғаннан бері осы кеңес өзінің бірнеше отырысын өткізіп, лауазымдарын асыра пайдаланған бөлім басшыларынан бастап аудан әкімінің орынбасарларына дейін тәртіптік жазаға тартты. Мұның барлығы халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің өз деңгейінде болуына қол жеткізу мақсатында іске асырылып отырған шаралар. Мерекелер мен демалыс күндері мемлекеттік қызметшілердің қызмет көліктерін пайдалануларына да тексеріс жүргізіліп, бірқатар облыстық басқармалар мен коммуналдық мемлекеттік мекеме басшыларының бұл тұрғыда тәртіп бұзатындары белгілі болды. Сондай-ақ, мемлекеттік органдарға тиесілі автокөліктердің жол қозғалысы ережелерін қаншалықты сақтайтындықтарына, оны бұзған жағдайда бюджетке айыппұлдарды уақытылы төлеу-төлемеулеріне қатысты облыстық ішкі істер департаменті әкімшілік полициясы басқармасының ақпараты да сарапталды. Сараптама барысында мұндай жағдайлардың барын және соның салдарынан  мемлекет қазынасына 2 633 144 теңге көлеміндегі айыппұлдың түспегендігін анықталды. Осыған орай, облыс әкімі мен кәсіпорын-мекеме басшыларының атына осы айыппұлдарды өтеу, оған жол берген кінәлілерді  тиісті жауапкершілікке тарту жөнінде хаттар жолданды. Жылдың алғашқы жартыжылдығында 15 мемлекеттік мекемені тағы осындай тексерістен өткізуді жоспарлап отырмыз. Бұған қоса, бірқатар кәсіпорындарда заң талаптарының сақталуы тұрғысында жос-пардан тыс тексерістер жүргізу көзделіп отыр.
Бұрын қаржы полициясы органдарының қызметі «шулы істермен» және оған қатысы барларды жазалаумен байланысты болса, жаңадан құрылған біздің органның бұдан түбегейлі ерекшелігі – алдын алу шараларын жүргізіп, сыбайлас жемқорлықтың қаупі бар жағдайларды саралап, қоғамның осы құбылысқа деген жағымсыз көзқарасын қалыптастыруда азаматтық сектормен ықпалдаса әрекет ету болып табылады. Осы орайда, Елбасымыз Агенттіктің   «Біздің міндет – халыққа қызмет» деген басты ұранын, яғни, жұмыс бағдарын  айқындап берді. Дегенмен, айылын оңай жимай отырған бұл қатерлі құбылыспен  күресте жалғыз уәкілетті органның ғана күші аздық етеді. Біз тек барлық ел тұрғындарының жемқорлыққа «жоқ!» деп айтатын түбегейлі көзқарасын қалыптастырғанда ғана түпкі оң нәтижеге қол жеткізе аламыз. Сондықтан, мен осы мүмкіндікті пайдалана отырып, барша ақмолалықтарды қоғам мен ел игілігі үшін  жемқорлыққа қарсы жаппай күресуге шақырамын. Нұрлы болашаққа барар жолымызға жемқорлықтың кедергі келтіруіне жол бермейік.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар