Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бірлігі бекем, іргесі берік елміз - АРҚА АЖАРЫ

Бірлігі бекем, іргесі берік елміз

Достық үйінде өңіріміздегі этно-мәдени бірлестіктері өкілдерінің қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 20 жыл толуына арналған салтанатты шара болып өтті.

Алдағы 1 наурызда елімізде осы қоғамдық институттың құрылғанына тура жиырма жыл толады. Шара барысында сөз алған Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы төрағасының орынбасары, облыстық ассамблея хатшылығының меңгерушісі Мәрзият Тохаева бұл берекелі мейрамның дәл көктемнің басында аталып өтілуін жақсылыққа балады. Көктем – жер-көкті күн шуағына бөлейтін кезең болса, Ассамблея – айналасына мейірім мен достық шуағын тарататын қасиетті орда. Осы бір тең құқылы конституциялық құрылымның өңірлік бір тармағы ретінде құрамында 115 мүшесі бар Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы да жерімізде бірлікті нығайтып, берекені молайтуға өлшеусіз үлес қосып келеді. Талай ұлт пен ұлысты бір ортақ мүддеге жұмылдыруда 43 этно-мәдени орталықтың ықпалы мол. Бұл орайда, облыстық ассамблеяның құрылуы мен оның жұмысының жолға қойылуында Моисей Чжен, Ғосман Төлеғұл, Фарук Багапов  сияқты  қайраткерлердің  еңбегі ерекше болғанын атап өткен жөн.
Салтанатты шарада сөз алған облыстық ассамблея төрағасының орынбасары, облыстық «Қазақ тілі мен мәдениеті» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мейрамбек Қиықов Ассамблеяның атынан Парламентке сайланған депутаттардың тек өз диаспораларының ғана емес, дүйім халықтың мүддесін қорғайтындығына тоқталды. Көпті көрген ел ағасы бауырлас ұлттарға дейін бір-бірімен қырқысып жатқан бүгінгі кезеңде  тұрақтылықты сақтап қалудан асқан байлықтың жоқтығын тілге тиек етті. Ал, Сырым Рақымов облыстағы кәрістердің этно-мәдени бірлестігін басқарған марқұм Моисей Чженге арнаған  өлеңін оқып, жиналғандар ардақты жанды бір минут үнсіздікпен еске алды.
«Қазақстандағы татарлар мен башқұрлар қауымдастығы» ақсақалдар кеңесінің төрағасы, Көкшетау қаласының құрметті азаматы Фарук Богаповтың сөзі де көпшіліктің көңілінен шықты. Қадірлі ақсақал ата-бабаларының Қазақстанға қандай қиын жағдайда қоныс аударғандарын, өздерін бауырмалдылықпен бауырларына басқан  қазақ халқына мәңгі қарыздар екендіктерін жеткізді. – Біз кеңестік дәуірде өзіміздің қай ұлттан екендігімізді айтуға жасқанатынбыз. Бүгінде Мемлекет басшысы жүргізіп отырған сарабдал саясаттың арқасында өзіміздің кім екендігімізді мақтана айтып қана қоймай, тіліміз бен салт-дәстүрімізді еш кедергісіз дамытудамыз, – деді ол. «Вайнах» шешен-ингуш қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Герихан Яндиев те өз сөзінде тек игі істердің ұйытқысы болып жүрген Ассамблеяның шын мәнінде қоғамдық институтқа айналғанын ерекше атап өтті.
Бұл мерекеде Ассамблея құрдастары да ескерусіз қалған жоқ. Олар «Мұсылман әйелдер лигасы» қоғамдық бірлестігі әжелерінің ақ батасы мен этно-мәдени бірлестіктер төрағаларының арнайы сыйлықтарын алды. Жиын барысында АҚШ-тан келіп, Назарбаев зияткерлік мектебінде дәріс беріп жүрген Патрисия ханым да Қазақстандағы ұлтаралық келісім мен татулық туралы өз ойларын ортаға салып, қонақжай қазақ халқына алғысын айтты. Салтанатты шара соңы мерекелік концертке ұласты.
П.ӘБІЛҚАСЫМҚЫЗЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар