Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мерейлі мереке алдында - АРҚА АЖАРЫ

Мерейлі мереке алдында

Ұлы Жеңістің 70 жылдығы мен Ата Заңымыздың 20 жылдығына арналған «Погон таққан асыл жандар» атты қалалық байқау болып өтті.

  Сайысқа Көкшетау қаласы прокурорының көмекшісі Меруерт Байболова,  облыстық мамандандырылған күзет қызметi басқармасы полиция батальонының полицейлері Ксения Крошина, Әйгерім Қазкешева, Гүлнәр Жамақова, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Көкшетау техникалық институтының  оқытушысы Әсия Есболатова, 5510 әскери бөлімінің хатшысы Әсел Балтабаева, облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің запастағы офицерлер мен кадрлар жұмысы бо-йынша жауапты қызметкері Әйгерім Анапина қатысты. Байқауға қатысқан жеті ару төрт кезең бойынша өз бақтарын сынады. Мұнда өзін-өзі
таныстыру, әскери киім және кешкі көйлекте сән үлгісін көрсету, сондай-ақ, спорт түрінен ептілік қабілетін сыннан өткізу сияқты кезеңдер қарастырылды. Бірі кір тасын көтеріп, онымен ауада неше түрлі іс-қимыл жасаса, бірі құралайды көзге атқан мергендігімен көрермендерді тамсандырды.
Десе де, байқау болғандықтан,  көптің арасынан оқытушы Әсия Есболатова алға суырылып шығып, бас жүлдеге ие болды. Ол мейірімді, сабырлы қазақтың қызы. Ғылыми-зерттеу жұмыстарымен де айналысады. Сонымен бірге, кір тасын көтеру спортынан республикалық және әлем чемпионаттарының жүлдегері екенін де атап өту қажет.
Бұл байқау бір қолымен әлемді, екінші қолымен бесікті тербететін әйел затының ауыр да жауапты қызметті ер адамдарға бергісіз атқаратындарына көз жеткізді. Өз жұмысын абыроймен атқарып жүрген аруларымыз көп болғай.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар