Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Тарихшылар дәрісі - АРҚА АЖАРЫ

Тарихшылар дәрісі

 «Көкшетау Су Арнасы» кәсіпорнында оқылды

  – Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту біздің мемлекеттігіміздің, елдігіміздің түп-тамыры тереңде жатқанын, әрі жарты мың жыл бұрын қалыптаса бастағанын білдіреді. Бүгінгі тәуелсіз Қазақстан – бір жарым ғасыр бойына үзіліп қалған елдігіміздің заңды, тарихи жалғасы.  Біз оқитын дәрістер тыңдармандардың жалпы әлемдік жүйеде қазақ елінің шығу тегі жөнінде мағлұмат алуына көмектеседі, – деді өз сөзінде Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің жалпы тарих және философия кафедрасының аға оқытушысы, облыстық конфессияаралық қатынастарды дамыту және талдау орталығының маманы Ғалымтай Төлепбергенов. Ал, осы кафедраның меңгерушісі, әлеуметтік ғылымдар магистрі Алмагүл Күшпаева биылғы жылы Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өтуіміз  ғалымдардың көптеген тарихи зерттеу-лер жүргізіп, тың деректер табуына да мүмкіндік беріп отырғанын алға тартты.

 

Автобустағы әңгіме
жолаушыларға тарихымыздан мағлұмат берді

 

Шара «Көкшетау автобус паркі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бірнеше автобус маршруттарында ұйымдастырылды. Акцияның негізгі мақсаты қала тұрғындарына қазақ хандығының тарихы жайлы ауқымды ақпарат беру болып табылады.
Акция барысында автобусқа отырған жолаушылар тарихи сұрақ-жауапқа белсене қатысып, еліміздің тарихынан бейхабар еместіктерін байқатты.  Әсіресе, қазақ хандары,  жерлестеріміздің  Ұлы Отан соғысы  жылдарындағы ерлігі мен қаһармандығы, небір дауларды шешкен   қазақтың белгілі үші биі, халқымыздың «Жеті жарғы» сияқты   дәстүрлі әдет-ғұрып заңдарына қатысты сауалдарға дұрыс жауап берілді. Алайда, қан майданда Гастеллоның ерлігін қайталаған қазақтың батыр ұшқышы Нүркен Әбдіров пен рейхстагқа жеңіс туын тіккен  Халық Қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевты білмейтіндер де бар болып шықты. Шараны ұйымдастырушылар бұл олқылықтың орнын толтыру мақсатында тарихқа  қысқаша шолу жасады. Сауалдарға дұрыс жауап берген  жолаушыларға шағын сыйлықтар табыс етілді.
Акцияға қатысқан Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің студенті Жанна Әбдірахманова  әсіресе, жастарымыздың көпшілігінің  еліміздің тарихын жете білмейтініне қапаланады. Демек, бұл жағынан алда көп жұмыстар тұр.
«Арқа ажарының» өз ақпараттары.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар