Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
О, аналар, осындайсың бәрің де!.. - АРҚА АЖАРЫ

О, аналар, осындайсың бәрің де!..

Бұл күнде жасы тоқсанға таяп қалған Күлзипа әжей Жоламанова Ұлы Отан соғысы аяқталған тұста 18-ге де толмаған, құба талдай солқылдаған бойжеткен еді. Тағдырдың жолы бұралаң. Болашақты тіпті болжап білмейсің. Күні ертең қай жердің дәмі бұйырып, қай жердің топырағын басарын кім білген. Сөйтсе, шалғайдың дәмі бұйырып тұр екен.
Бұрынғы Көкшетау облысына қарасты Володар  ауданының Бірлестік ауылының тумасы, әскери офицер Сұлтан Жоламанов соғыс өрті жаңа ғана басылған Германия қалаларының бірінде қала комендатурасында қызмет істейтін. Соғыс аяқталған соң аз уақытқа елге демалысқа келген жас офицер жаңа бой жетіп келе жатқан қызбен отау құруға бел байлап,  оны өзімен бірге неміс жеріне ала кетеді.  Кейін жолдасы Сұлтан Жоламановтың әскери қызметіне орай, қайсар келіншек Германияның алты қаласында тұрады. Сөйтіп, жат жерде өмірдің біраз ыстық-суығын басынан өткізеді. Тұңғыш перзенттері де сол жақта дүниеге келген.
1948 жылы жолдасымен туған елге оралғаннан кейін отыз жылдан астам уақыт бойы облыс орталығындағы  жолаушылар тасымалдау кәсіпорнында абыройлы қызмет істеп, зейнет демалысына шықты. Бүгінде  төртінші ұрпағының яғни, шөпшегінің қызық-қуанышын көріп отыр.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар