Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Абыройлы белестерге жетелейді - АРҚА АЖАРЫ

Абыройлы белестерге жетелейді

Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы – ол бейбітшілік пен келісімнің, қоғамдық тұрақтылық пен ұлт бірлігінің жылы. Сондықтан да, биыл өткізілетін барлық шаралардың алға қойған негізгі міндеті – ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың этносаралық татулықты сақтаудағы қазақстандық үлгісін баршаға паш ету болып табылады.

Бұл жылы біз Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституция  жылын өткізу тұжырымдамасы, соның негізінде жасалған Ұлттық шаралар жоспарын негізге ала отырып, жұмыс істейтін боламыз. Жоғарыда аталған тұжырымдамада шараларды ұйымдастыруда әр қала, аудан мен елді мекендерге ерекше көңіл бөлу қажеттігі және оған барлық әлеуметтік топтарды тартудың өзектілігі  айтылады.
Бізде жылдың басты шарасы жуырда өтті. Астана, Алматы мен барлық облыс орталықтарында Достық жылының ресми ашылуы ұйымдастырылды. Облыс әкімі, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының төрағасы Сергей Кулагин Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбековтен «Қазақстан халқы Ассамблеясы – 20 ізгі іс»  республикалық акциясының эстафетасын қабылдап алды.  Осы игі шаралардың бастауы – «Мейірім» қайырымдылық акциясы. Акция шеңберінде өңірдің қала, аудандарында құрылған Қоғамдық келісім кеңестері арқылы аймақтағы көмекке мұқтаж отбасыларға жәрдем көрсетілді.
«Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» да әр аймаққа  бірлікті нығайтудағы өз ерекшеліктерін өзгелермен бөлісуге мүмкіндік беретін болады. Ал, басқа аймақтар сол тәжірибені қабылдап алып, оны өздеріне енгізер болса, бұл да татулықтың тұғырын биіктетуде ғажап тәсіл болар еді. Бұдан басқа, «Ассамблея – бірлікке жол» мега-жобасы облыстағы әр ұйым, мекемеде ұйымдастырылмақшы. Біз әр шараны құр бос есеп үшін емес, нақты нәтижеге бағыттап өткізуге тырысамыз. Себебі, бұл тұрғыдағы әр шара ұлтты біріктіруші, жалпықазақстандық біртұтастық идеясын қалыптастырушы тетікке айналуы керек.  Міне, осы мәселелер жуырда көкшелік ғалымдардың қатысуымен  өтетін ғылыми-практикалық конференцияның басты арқауына айналады.
Тұжырымдамада жоғалғанымызды қалпына келтіріп,  жіберіліп алған, ескерілмей қалған дүниелерді қайта жаңғырту, тарихи сана қалыптастыру  жайы айтылған еді. Ендеше, бұл бағыттағы жүктің ауыры да бізге түседі. Биыл республикалық деңгейде аталып өтілер айтулы шаралардан басқа, Абай Құнанбаевтың туғанына 170, Шоқан Уәлихановтың туғанына 180 жыл толғалы отыр. Ол айтулы даталар да біздің назардан тыс қалмақ емес.  
Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жұмысының жаңашылдығы республикалық деңгейде өткізілер шараларда жиі атап өтіліп отырады.  Биылғы мерейлі жылда біз дарынды жастардың өздерін әр қырынан танытуларына мүмкіндік ашу үшін облыстық ассамблеяның жанындағы балалар мен жастар ұйымдарының форумын ұйымдастырғалы отырмыз. Бұдан басқа, «Бірге өмір сүру» достық, тағаттылық пен отбасылық құндылықтар фестивалі, «Мен – қазақстандықпын!» жастар патриоттық фестивалін өткізу де ойда бар. Ал, «Менің Отаным!» экскурсиясы барысында жастар өз өлкесіндегі шұрайлы жерлердің тарихымен және бір-бірімен жақынырақ танысуға мүмкіндік алатын болады.
Облыстық ассамблея жұмысының бас-ты бағыттарының бірі – мемлекеттік тілді қоғамдық ортада кеңінен насихаттау. Біз ұйымдастырар өзге ұлт өкілдерінің арасында өткізілетін қазақ тілі білгірлерінің сайысы мен қазақ әндерін орындаушылардың музыкалық байқауына қатысам деушілер саны жылдан-жылға артып келеді.  Әсіресе, мемлекеттік тілді меңгеруге деген жастардың ықыласы жоғары. Жалпы, байқаулардың сол өскелең ұрпақ өкілдері мен сала мамандарын ынталандырудың таптырмас құралы екенін уақыттың өзі дәлелдеп беріп келеді. Сондықтан да, осы атаулы жылы біз «Ең үздік этно-мәдени орталық төрағасы», «Шаңырақ» тілдерді оқыту мектебінің ең үздік оқытушысы», «Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы балалар мен жастар ұйымдарының ең үздік үйлестірушісі», ұлттық салт-дәстүрлерге деген құрметті қалыптастыруға бағытталған «Бақыт шаңырағы» және этносаралық татулық тақырыбына қалам тербеп жүрген журналистер арасындағы шығармашылық байқауларын  өткізуді көздеп отырмыз.
Облыстық ассамблея жанындағы сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің қауымдастығы мүшелерінің қолынан шыққан туындылар да мерекелік жылдың айшықтары мен оның басты ерекшеліктері жан-жақты көрініс табатын болады. «Менің Отаным – Қазақстан!» облыстық поэзия мен авторлық әндер байқауының қатысушылары да әр тілде біздің егемен елімізді, ондағы бірлік пен берекені өз шығармаларына арқау етеді.
Жалпы, биылғы жылға жоспарланған әр шараға жеке-жеке тоқталып, оның әрқайсысын атап өтуге болады. Алайда, біз ойға алған істеріміз бен көздеген мақсатымызға тек бірлесе, бар күш-жігерімізбен жұмылудың арқасында ғана қол жеткізе алатынымызды естен шығармауға тиіспіз. Ендеше, мен Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының  барша мүшелерін, облыстағы этно-мәдени бірлестіктердің төрағалары мен «Қоғамдық келісім» атты Достық үйінің ұжымын  бірлік пен береке жылын абыройлы етіп өткізуге атсалысуға шақырамын.  
Мәрзият ТОХАЕВА,
Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы
хатшылығының меңгерушісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар