Ұлы Жеңістің 70 жылдығы құрметіне Көкшетау медициналық колледжінде көрме ұйымдастырылды.
Көрмеге Ұлы Отан соғысының ардагері Мырзағали Қажымов, тыл еңбеккерлері Михаил Мазур мен Любовь Жирновая шақырылды. Алдымен қонақтар көрмеге қойылған жәдігерлермен танысып, отты жылдарда тылда ерен еңбектің үлгісін көрсеткен ақмолалық медбикелер туралы деректі фильмді көрді. Осындағы «Мейірбандылық және ержүректілік» музейінде Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен әйгілі медбикелердің суреттері де орын алған. Экспонаттардың ішінде Мамаев қорғанынан әкелінген топырақ ерекше назар аудартады.
Кездесуде шерлі әндер шырқалып, көңілге мұң, көзге жас ұялатты. Атақты қаламгер Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы бо-йынша театрландырылған көрініс қойылды. Соғыс ардагері Мырзағали Қажымов отты күндерден сыр шертіп, оқушы жастарға бата берді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.