Аудан әкімі Жомарт Нұркенов соғыс және еңбек ардагері Георгий Беляевтің үйіне барып, майдангерді 91 жасқа толуымен құттықтады.
Ол өз сөзінде соғыстың бар ауыртпалығын мо-йымай көтерген аға буын өкіліне зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілеп, сый-сияпатын жасады.
Ал, қуаныш иесі болса, өзін елеп-ескерген аудан басшылығына рахметін айтып, майдангерлерге жасап отырған қамқорлығы үшін Елбасына ризашылығын білдірді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Аршалы ауданы.