Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Сіздің ойыңызша, Ақмола, Көкше өңірлерінде жылдағы Наурыз мейрамы қалай тойланып жүр? - АРҚА АЖАРЫ

Сіздің ойыңызша, Ақмола, Көкше өңірлерінде жылдағы Наурыз мейрамы қалай тойланып жүр?

Бақыт ҚОСШЫҒҰЛОВА, зейнеткер:
– Біз өзі бір күндік өмірге мың мәрте шүкіршілік айтқан қазақпыз ғой. Ал, қазақ қонақжай халық. Сондықтан, Наурыз мейрамында әрбір шаңырақта келім-кетім кісіге міндетті түрде Наурыз көже пісірілуі керек  деп білемін. Өкінішке орай, бұл мейрам біздің бала кезімізде тойланған жоқ. Ел егемендігін алған соң жер-жерде жаппай атап өтілетін болды. Бірақ, әлі де Наурыз мейрамының тойлануына жете мән бере бермейміз. Бас кезінде ауылдарда бірнеше киіз үй тігіліп,  көркемөнерпаздар сайысы ұйымдастырылатын. Кейде тіпті, ат жарыс өтетін. Келіншектер киіз үйлердің ішін жарқыратуға бар өнерін салып, тырысатын. Ұлттық тағамдардың түр-түрін әзірлейтінбіз. Жігіттер күресіп жатса, жастар алтыбақан теуіп, мәре-сәре болатын. Қазір ол екпін басылып қалды. Осы күні молшылық заман болса да, пейіл тарылып барады. Бүгінде ешкім ешқайда шақырусыз бармайды. Ал, бұрын біздің әке-шешеміз көрші-қолаңмен, ағайын-туыспен сапырылысып жататын. Өз басым немере-шөберелеріме ұлттық-салт дәстүріміз туралы жиі айтып отырамын. Әр жыл
сайын отбасымызда Наурыз мейрамын атап өту дәстүрге айналған. Аға ұрпақ өкілдері, яғни, біз жастарға Наурыз мейрамының мәні мен маңызын мейлінше түсіндіруге міндеттіміз.
Жақсы ауданы.
Гүлнәр ҚАЖЕНОВА, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты:
– Еліміз егемендігін алған соң Ұлыстың ұлы күнін тойлау дәстүрге айналды. Көпшілік қауым бұл мейрамның мәні мен мазмұнын жақсы біледі. Десек те, бұрын біздің ата-бабаларымыз  Наурыз мейрамын асыға күтіп, барлық ынта-жігерімен дайындалады екен.  Тіпті, әдейі сүрін сақтайтын. Қазір де бұл үрдіс бар. Дегенмен, қоғамдық сана Наурыз мейрамын әлі дұрыс қабылдаған жоқ. Сондықтан, әрбір адам бұл мейрамды өзінің ішкі түйсігімен ғана сезініп, біліп жүр.
Шынын айтқанда, соңғы жылдары Наурыз мейрамының тойлануына көңілім толмайды. Орталық алаңдарда киіз үй тігіледі. Бірақ, оған жай адам кіре алмайды. Дастархан көбіне тек басшыларға ғана жа-йылады. Сөйтіп, Наурыздың бүкілхалықтық сипаты ескерілмей жатады. Менің ойымша, киіз үйдің есігі кез-келген қонаққа ашық тұруы тиіс. Өйткені, халқымыздың мифологиялық түсінігі бойынша 21 наурыз түні даланы Қыдыр аралайды екен. Қыдыр атаны ырыс пен құт, несібе әкелуші дейміз. Тағы бір айта кетерлігі, Ұлыс күні орталықта тігілген киіз үй маңында түрлі ұлт өкілдері ән айтып, би билеп, өнер көрсетеді. Ұлтаралық келісім деп тізгінді соларға беріп, бұл ең алдымен, шығыс, соның ішінде қазақ халқының ұлттық мерекесі екенін ұмытып жатамыз. Біз Наурызды 1 мамыр – Бірлік күні сияқты өзге мерекелермен ешбір шатастырмауымыз керек.

Сәрсен ЖОЛАМАНОВ, Қорғалжын  аудандық мәдениет бөлімі басшысының
міндетін атқарушы:  
–Көп мерекелердің ішінде мен үшін Наурыз мейрамының орны ерекше. Өйткені, ол Ұлыстың Ұлы күні, яғни, жыл басы.  «Тойдың болғанынан, боладысы қызық» дегендей, Наурыз айы туысымен-ақ біз осы мейрам деп елеңдей бастаймыз. Бізде Наурыз мейрамының жоғары деңгейде өтуіне аудан жұртшылығы бірлесіп атсалысады. Мерекеде түрлі ұлттық ойындар ойналып, қыз қуу, ат жарыс, палуандар күресі  ұйымдастырылады. Әрбір ауылдық округ киіз үй тігіп, оның сән-салтанаты, қонақжайлылығы  бойынша өзара жарысады.
Қорғалжын өңірінде жергілікті халықтың үлес салмағы басқалардан анағұрлым басым. Сондықтан, менің  байқағанымдай, көпшілігі Наурыз мейрамында қонақ шақырып, мерекелік дастархан жаяды. Әр отбасында ет асылып, көже ішіледі. Одан бөлек түрлі жөн-жоралғылар жасалады. Тіпті, осы мерекеде әдейі ырымдап келін түсіріп, қыз ұзататын отбасылар да кездесіп жүр. Өйткені,  Наурыз ежелден ырыс пен молшылық, жақсылық пен құт-береке бастауы. Рас, оны мерекелеуде кемшін тұстар да бар. Әсіресе, ел арасында орынды өкпе-реніш туғызып жүрген «әттеген-айларын»  жаңалап, елдің тілегі мен ыңғайына қарай бұру қажет.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар