Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жанашыр болайық - АРҚА АЖАРЫ

Жанашыр болайық

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты ел халқына арнаған Жолдауында және «Нұр Отан» партиясының XVI съезінде алдымызда тұрған іргелі міндеттерді атап көрсетті.

Елбасының съезде айтқан тың ойлары Жолдаумен үндес. Ол негізгі міндеттерді саралап, ел дамуының стратегиялық жоспарын жүзеге асыру үшін отандастарын бірігіп еңбек етуге шақырды. Біздің алдымызда тұрған міндеттердің бірі – әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіру. Көреген Көшбасшы әлеуметтік-экономикалық басым бағыттарға ерекше мән беріп, оны іске асыруда баршамызға зор сенім артып отыр. Өйткені, алпауыт елдердің қатарына ену жауапкершілігі зор мақсатты іс.
Біздің «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы халықаралық тәжірибені зерттеу негізінде білім беру сапасын арттыру жағын қарастыруда. Соның арқасында мамандарымыз Ұлыбритания, Оңтүстік Корея, Франция, Сингапур, Австралия, Ресей елдерінде тәжірибеден өту мүмкіндігіне ие болды. Бұл машықтану педагогтармен курсаралық жұмыстарды ұйымдастыруға, осы курстардың оқу-тақырыптық жоспарының мазмұнына көптеген жаңалықтарды енгізуге мүмкіндік берді. Бұл жұмыстардың барлығы Елбасының білім саласына ерекше қолдау білдіруінің арқасында жүзеге асырылуда.
Билік басында көреген Көшбасшымыз отырғанда алаңдауға еш негіз жоқ. Сондықтан, Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевқа қолдау білдіріп, жанашыр болайық.

Еркін ИСІМБАЕВ,  
 «Өрлеу» біліктілікті арттыру
ұлттық орталығы» филиалы Ақмола
облысы бойынша педагогикалық
қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар