«Қазақстан Темір жолы» ҰҚ» акционерлік қоғамы Көкшетау тасымалдау бөлімшесінің филиалында Қарағай станциясында еңбек ететін Асауповтардың теміржолшылар әулетін ерекше құрмет тұтады.
Әулеттің үлкені Сейітзада №12 дабыл және байланыс дистанциясында вагондардың жағдайын қадағалайды. Астанада теміржол колледжін бітірген үлкен ұлы Арыс-танбек те әкесінің жанында жұмыс істейді. Екінші ұлы Руслан станция бойынша кезекші міндетін ойдағыдай атқаруда. Ал, кенжесі Еркін болса, осы станцияда электр-механик. Бірі жоғары оқу орнында сырттай оқыса, бірі бітірген. Аналары Айсұлу да жол дистанциясында монтер болған еңбекқор жан.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Суретті түсірген Төлеген ҚОСШЫҒҰЛОВ.