«Табиғи монополиялар мен реттелетін рынок жөніндегі» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС электр қуатының босатылатын бағасын төмендетуіне байланысты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитетінің облыстық департаменті «КөкшетауЭнергоЦентр» ЖШС мен «АРЭК-Энергосбыт» ЖШС-нің электрмен қамтамасыз ету бағасына сараптама жүргізді.
Нәтижесінде биылғы жылдың 7 наурызынан бас-тап электр қуатының босатылатын орташа бағасы төмендеді. Бұл баға «КөкшетауЭнерго Центр» ЖШС-де 0,6 пайызға төмендеп, кВт сағат 18,66 теңгені, ал, «АРЭК-Энергосбыт» ЖШС-де 0,93 пайызға төмендеп, кВт сағат 17,97 теңгені құрады.
Электр плитасын пайдаланатын тұлғалар үшін бірінші деңгейлі тариф (1 адамға айына 100 кВт сағатқа дейін) тұтынушылар үшін келісілді. Бұл тариф «КөкшетауЭнергоЦентр» ЖШС-де бұрын кВт сағаты 14,71 теңге болса, қазір кВт сағаты 14,62 теңгені, «АРЭК-Энергосбыт» ЖШС бұрын кВт сағаты 13,84 теңге болса, қазір кВт сағаты 13,72 теңгені құрады.
Бүгінгі таңда департамент «КөкшетауЭнергоЦентр» ЖШС және «АРЭК-Энергосбыт» ЖШС тұтынушылар үшін электр қуатының бағасын түсірудің екінші кезеңі бойынша жұмыс жүргізуде. Осы кезеңде электр қуатының соңғы босатылатын бағасын төмендету «KEГОК» акционерлік қоғамы сияқты энергия тарататын кәсіпорындар жүйесі бойынша электр қуатын тасымалдау тарифтерін төмендету есебінен жүргізіледі.
Ақмола облысы бойынша табиғи
монополияларды реттеу және
бәсекелестікті қорғау департаментінің
баспасөз қызметі.