Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Әншінің асқақ мұраты - АРҚА АЖАРЫ

Әншінің асқақ мұраты

Әнсүйер қауымға есімі мәлім дәстүрлі әнші Сәрсенбай Хасенов наурыздың 18-і күні сағат 15.00-де Көкшетау қаласындағы әдебиет және өнер мұражайында Қазақ хандығының 550 жылдығы мен Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған концерттік бағдарламасын тыңдарман жұрттың назарына ұсынбақ. Аталмыш шара алдында біздің тілшіміз талапты әншіге жолығып, бірер ауыз тілдескен болатын.

  – Қос мерекеге орай концерттік бағдарлама дайындап жатыр екенсіз. Әрі тегін. Сөзі сатулы, әні саудаға түскен заманда тегін дегеннің өзі біртүрлі естіледі екен. Бірер ауыз сөзбен мазмұны мен мақсатын айтып бермес пе екенсіз?
– Негізінен концерттік бағдарлама үш бөлімнен тұрады. Алғашқысы, яки Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған бөлімде Қазтуған, Ақтамберді, Үмбетей тәрізді ұлы жыраулардың теңдесі жоқ асыл мұралары. Онда да көп орындала бермейтін, сирек айтылатын жіліктің майындай дүниелер. Онан соң екінші бөлімде дәстүрлі әнді насихаттау мақсатында Нұркейдің әнінен бастап, Біржан сал, Ақан сері, Үкілі Ыбырай тәрізді бабаларымызбен қатар бертінгі Мұса Асайыновтың әндерін қамтып айтпақпыз. Ал, үшінші бөлім толығымен Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналады. Ондағы ой құлақтан кіріп бойды алар әсем ән арқылы тыңдаушылардың бойындағы отансүйгіштік, елсүйгіштік сезімдерін ояту. Әрі қан-қасап майданда опат болған аталарымыздың аруағы разы болсын деген перзенттік пейіл.
– Сонда концерттік бағдарламаны жалғыз өзің іске асырмақшысың ба?
– Жоқ, әрине. Бұл жалғыз менің емес, біздің отбасының ән шашуы деп айтсақ болар. Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар кентіндегі мәдениет үйінде әдіскер болып істейтін інім Нұрқасым, Көкшетау қаласындағы музыка колледжінің бірінші курс студенті, қарындасым Сымбат өнер көрсетпек. Олардан басқа өзімнің ұстазым Саян Мұхамедияров, замандасым, белгілі жетігенші Әйгерім Дөкетбаева да өнер көрсетеді. Сөйтіп, бәріміз домбыраның шанағынан шығатын әрқилы дыбыстай бір әдемі әуен құрап, тыңдаушы қауымды әсем әнмен сусындатсақ деп ниеттеніп отырмыз. Ат шығару үшін емес, аталарымыздың мұрасын насихаттау мақсатында. Қазақтай тарихы тереңде жатқан халықтың сан ғасыр бойғы жауһар өнерін толайым жарқыратып көрсете алмасақ та, бір шөкім асылын уақыттың шаң-тозаңынан аршып алып, жарқыратып ұсынуға болар еді. Бұл қолымызға домбыра ұстағаннан кейін өнерліге – міндет, таланттыға – парыз.
Әңгімелескен Байқал БАЙӘДІЛОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар