Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Тарихқа ынта танытты - АРҚА АЖАРЫ

Тарихқа ынта танытты

Облыстық ішкі саясат басқармасының қолдауымен  және облыстық «Қазақ тілі мен мәдениеті» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен мектеп оқушылары арасында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Халқымның алтын қазынасы» атты қалалық байқау болып өтті.

Ғасырдан-ғасырға жалғасып келе жатқан салт-дәстүрімізді, әдет-ғұрпымызды жас жеткіншектердің бойына дарытуға бағытталған бұл байқауға  облыс орталығындағы орта мектептердің 6-7 сынып оқушылары қатысып, бақ сынады.
Өздерін көпшілікке таныстыра білуі, көрерменді ә дегеннен баурап алуы жағынан  № 21 орта мектептің оқушысы Фариза Әбенова мен дарынды балаларға арналған №3 облыстық мектеп-интернаттың шәкірті Бекұлан Ерболатұлына теңесе алар ешкім болмады. Ал, ұлттық салт-дәстүрлерден көріністер көрсету талап етілген келесі «Ата дәстүрін ардақтау» кезеңінде №19 орта мектептің оқушысы Сұлтанғазы Есенжолов халық арасында ұмыт бола бастаған «Ожау қағу» ырымынан шағын қойылым қойды.
Тоқ ішек, көк шөп және ала жіппен енді ғана тәй-тәйлаған баланың тұсауын кесетін ырым жайлы айта келе, Мәлік Ғабдуллин атындағы №3 көптілде оқытатын кәсіби мектеп-гимназиясының шәкірті Арай Ысқақова өзі қойған көріністе балдырғанның тұсауын қуанышта мақтанбайтын, қайғыда жасқанбайтын азамат болып өссін деген ниетпен ала жіппен кесті.  Бұдан кейін ақсақалдар тарапынан бата беріліп, әжелердің шашуы шашылды. Осы орайда, бесіктің қадір-қасиеті мен баланы бесікке бөлеу барысында орындалатын жөн-жоралғыларды №3 Краснояр орта мектебінің оқушысы Аяжан Алданыштың қойылымынан көре алдық.
Өте қызықты әрі тартысты өткен бұл сайыстың соңында жүлделі болған қатысушыларға бағалы сыйлықтар мен арнайы дипломдар табыс етілді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар