Жуырда облыстық денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Кенел Жанов ерейментаулықтар арасында болып, ақ желеңді абзал жандардың еңбек және тұрмыстық жағдайларымен танысты.
Еңбек ұжымдарындағы кездесулерде халықты әлеуметтік қорғау мәселелері сөз болып, осы орайда шешімін тауып жатқан жайлар ортаға салынды. Қазақстан Респуб-ликасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Әлеуметтік даму министрлігінің және кәсіподақтардың арасында қол қойылған келісімге тоқталған кәсіподақ жетекшісі өзара еңбек қатынастарын реттеу, сала мамандарын жұмыспен қамтамасыз ету сияқты өзекті мәселелерге ден қойды.
Кездесулерде медицина қызметкерлеріне Қазақстан кәсіподақтарының шипажайларына жолдамалар беру, жекелеген сирек мамандардың жұмысын ынталандыру сияқты мәселелер де көтерілді.
Раушан НҰРҒАЗИНОВА.
Ерейментау ауданы.