Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Екпіндім – Құмдыкөлім! - АРҚА АЖАРЫ

Екпіндім – Құмдыкөлім!

«Қазақтың ұлан-байтақ кең даласында өткені болжаусыз, ертеңі тұрлаусыз ауыл болмауы тиіс. Ауыл – халық тарихы, ұрпақ тамыры. Ендеше, тамырымызды солдырмай, тарихымызды таразылай білейік» деп, белгілі өлкетанушы  Клара Әмірқызы өзінің «Ауылым – атамекенім» кітабында  жазғанындай, ауыл атаулыға ешқайсымыз да бейжай қарамауымыз керек. Аты аңызға айналған Нығыз бен Құмкөлдің жағалауында талай ұрпақ ауысып, талай оқиғалар өрбіген. Бұл өлке біз үшін өте ыстық.

Кіндік қаның тамған жер кімге болсын қымбат қой, шіркін!  Ауылыңның  түтіні түзу ұшқан сайын, балалық шағыңның кейбір сәттері көз алдыңа келіп, сол бір кезге қайта оралғың келеді. Мен де өз ауылыма деген сағынышымды, махаббатымды жүрегіммен сезініп қалам тартуды дұрыс деп санадым.  
Екпінді ауылы Қорғалжын ауданының Кеңбидайық ауылдық округіне қарасты шағын ғана елді мекен. Клара Әмірқызының жазған деректеріне сүйенсек, ертеде №2 әкімшілік ауылына қарасты Байтемеш Құмдыкөл ауылы болыпты. Кезінде Қаңтарбай, Зәкария Мүкебай, Құрымбай Жәутік, Мұсатай Қарашолақ, Нұржан Нарбота, Нұрым Матабай есімді ақсақалдар тұрған Ұзынкөл, Тұщықұмкөл, Ащықұмкөл, Нығыз жерлерінен қалған Байтемеш Құмкөл ауылы екен, кейіннен №5 бөлімше, одан кейін Екпінді атаныпты. Қалған деп отырғаным аталған ауылдардың ішінде қазір тек Екпінді ауылының ошағы сөнбей ел қатарлы сақталып отыр. Кезіндегі дүркіреген үлкен ауыл селдіреп, шағын 4 жылдық мектеп жұмыс істеп тұр. Ауыл туған жерін қимай отырған ата-әжелеріміздің арқасында сақталып отыр десем қателеспейтін шығармын.
Мұнда Ұлы Отан соғысы кезінде қасық қанын аямай күресіп, тылда еңбек еткен батыр  аталарымыз да бар. Елдің тарихы мен батырларын білмеген елдің болашағы жоқ демекші,  Ұлы Жеңіске 70 жыл толғалы отырғанда олардың есімдерін атап өтпеске болмас. Олар: Қашқынбек Иманов, Түскен Жүндібаев сияқты аталарымыз.
Ауылдың бүгінгі тыныс-тіршілігі қалай екен деген сұрақ мазалап,  тұрғындарының қуанышы мен қайғысын бөліскің келеді. Құмдыкөлдің етегінде орналасқан Екпінді ауылы балалық шағым өткен жер. Ұлы Отан соғысынан бері келер болсақ, сол қиын кезде дүние есігін ашып, кейін ауылдың, елдің гүлденуіне үлес қосқан ағаларымыз бар. Олар ауылда басқарма болып жұмыс істеген Жәкуда Жүнісов, Жүкен Мұсатаев, шаруашылық меңгерушісі болған Қашқынбек Иманов, малшы Ақынбек Иманов, ауылдың ақсақалы Сатжан Иманов, механизаторлар Балташ Нұртазин, Серік Баубеков, Валерий Шевченко, ауыл жұмыскерлері Байкен Тұяқпаев, Тұяқ Жүнісов, Қабдраш Құрманов, Жакен Жадрин, Санақ Қазенов, Төлеген Шәкіров, Амангелді Жүнісов, Қайып Төлеубаев, Ашукен Сабиев, Рахымбек Қуанышев, Аман Шахманов сынды үлкендеріміз, жұмыстың ауыр-жеңіліне қарамай  еңбек етті. Ауыл жастарына білім беріп, болашақта арман қуып,  өз жолдарын табуға бағыт-бағдар берген бастауыш сынып мұғалімдері Қауас ағай мен Ақпала апайымыз мектеп жұмысын тоқтатпай жалғастырып келеді. Кезінде тоғыз жылдық мектеп ашуға атсалысып, еңбегімен дараланған Қайырғали деген ұстазымыз, қиын-қыстау кезде ауылда мектеп болмай қалғанда, барлық ауыл балаларына жаны ашып, интернат басшысы болған Қабылхан Құрманұлымен бірлесіп, біраз жұмыстар атқарған еді.  
Қазіргі күні ауыл әкімі Балғабай Иманов ағамыз қолынан келгенше барын салып, ауыл игілігі үшін еңбек етуде. Уақыттың артқа бұрылмасы анық, дегенмен ауылдың түтіні өшпей, бұрынғы бейнесі қайтып келсе деген арман бар.
Жоғарыда айтылған ойдың барлығы Құмдыкөлден бастау алған Екпінді ауылында еңбек еткен аға-апаларымызға деген сағыныштан туындап отыр. Кең жазықта, екі көлдің  дәл ортасында орналасқан ауылымның гүлденеріне күмән жоқ.
Асылхан ШӘКІРОВ,
Төңкеріс ауылы №12 орта мектебі
директорының тәрбие жөніндегі орынбасары.
Целиноград ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар