Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Есіл ерді ардақтау – парыз - АРҚА АЖАРЫ

Есіл ерді ардақтау – парыз

М.Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап- ғылыми кітапханасында алты Алаштың асыл перзенті Жұмабек Тәшеневтің 100 жылдығына орай, «Қайсар қайраткер» атты еске алу кеші болып өтті.

Қоғам қайраткері Жұмабек Тәшеневті жастарға танытып, естеліктер мен көптеген маңызды мәліметтерді жеткізуді басты мақсат тұтқан кітапхана ұжымы мен облыстық «Қазақ тілі мен мәдениеті» қоғамдық бірлестігі игі бір іс-шараның өтуіне ұйытқы болды. Отырысты қоғамдық бірлестіктің төрағасы Мейрамбек Қиықов ашып, еліміздің тарихында елеулі орын алған Жұмабектей дара тұлғаны еске алу кейінгі ұрпақтың басты міндеті екенін атап өтті.
–Бүгінгі өскелең ұрпақ елдің тарихын білуі керек. Біз өзіміздің тарихымызды, ұлы тұлғаларымызды білмесек, ертеңіміз бұлыңғыр болмақ. Ал, халық үшін Жұмабектей есіл ерлер адал еңбек еткені ақиқат. Жұмабек Тәшенев атындағы көше бар, енді марқұмға арнап ескерткіш орнатуымыз керек. Ол үшін мәселе көтеріп, қор ашқанымыз жөн, – дей келе, ол авторлардың жазған естеліктерінен сыр шертіп, үндеу қабылдауға үн қатты. Ал, Қазақстан Жазушылар одағының Ақмола облыстық филиалының төрағасы, жазушы Төлеген Қажыбаев бұл бастама дұрыс көтеріліп, қолдау табуы тиіс деген пікір білдірді. Жұмабек Тәшеневтің батылдығы мен туған халқына деген шексіз махаббатын ештеңемен теңестіруге болмайды, сондықтан бұл мәселе облыс деңгейінде көтерілуі керек.  
Жиында қоғам қайраткерінің есімін ардақтап, ерлік ісін өнеге тұтып Ж.Тәшенев атындағы көшенің берілуіне орасан зор еңбек сіңірген еңбек ардагері, Көкшетау қаласының құрметті азаматы Болат Көшімбаев та пікір білдіріп, қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді. Сондай-ақ, еңбек ардагері Шабдан Тоқмурзин де белгілі азаматтың белгісіз қалмауы үшін елдік іске жұдырық болып жұмылып, жұмыстың нәтижелі қорытындысы шығуы тиіс екенін баса айтты. Отырыста өзге де қонақтар сөз алып, өздерінің ой-пікірлерімен бөлісті.
Еске алу кешінде облыстық филармонияның әншілері әуелете ән шырқап, шөліркеген шөлді қандырды. Тағы бір айта кетерлігі жастар марқұмның өмірі мен қызметінен мол мағлұмат алды. Сондай-ақ, авторлардың қоғам қайраткері туралы жазған еңбектері «Алаштың асыл перзенті» атты кітап көрмесіне арқау болды.
Ендігі кезекте үндеу қабылданып, ескерткіш орнатуға көршілес облыстар да белсене атсалысса нұр үстіне нұр болар еді. Игі іске баршамыз қолдау білдірейік дейміз біздер де.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар