Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерекесі жақындаған сайын жер-жерде соғыс ардагерлерімен және тыл еңбеккерлерімен кездесулер де жиі ұйымдастырылуда.
«Ерлік істері ұрпаққа үлгі» деп аталған осындай кездесулердің бірін Астрахан аудандық жастар ресурстық орталығы ұйымдастырып, өткізді.
Кездесуге Надежда Самохвалова, Шарбан Бақтыбаева, Ядвига Вдовиченко, Ираида Могильная, Иван Макуха, Алексей Мойсейк, Мария Зятина сияқты отты күн мен ауыр еңбек куәгерлері шақырылып, еңбек ұжымдары мүшелері, жастар мен оқушылар алдында тағылымды естеліктерін ортаға салды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Астрахан ауданы.