Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Тығырықтан шықты - АРҚА АЖАРЫ

Тығырықтан шықты

Фермер Қанат Құсайынов «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясында       несие алып, 12 бас ірі қара мал сатып алған еді.

Кәсіпкер несиенің жарнасын уақытылы төлеп келді. Кесте бойынша келесі жарна биылғы жылдың сәуір айында төленуге тиіс еді. Бірақ, фермердің өз ісін ұйымдастыру барысында мәселе туындапты. Мұнда сиырлар желіндеп тұрғандықтан, етке мал өткізуге мүмкіндік жоқ. Кәсіпкер несие төлеуді қазан айына шегеруді өтінген. Алғашында қаржы институты бұл өтінішті қабылдамаған көрінеді.
Тек бұған республикалық кәсіпкерлер палатасы филиалының директоры Данияр Ерденов араласқанда ғана мәселе оңынан шешілді. Қ.Құсайыновтың өтінішін қолдау жөніндегі құжат облыс бойынша ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорына жіберілді.
Жуырда фермер кәсіпкерлер палатасы филиалынан нақты жауап алды. Онда Қанаттың өтініші қолдау тауыпты. Ауылдық жерлердегі шағын және орта бизнес субъектілерінің көбі мал бағумен айналысатынын ескерсек, мұндай көмек-қолдау өте құптарлық.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Атбасар ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар