Жасотандықтар Көкшетау қаласының тұрғыны, соғыс және еңбек ардагері Валентина Макарованы туған күнімен құттықтады.
Бұл шара «Ұрпақтар сабақтастығы» жобасы аясында жүзеге асырылды. Майданға он тоғыз жасында аттанған өрімдей жас қыз медбикелер курсын бітіріп, неміс-фашист басқыншылары мен жапон милитаристеріне қарсы шайқастарда ұрыс даласында жараланған жауынгерлерге көмек көрсетіпті. Ерлігі мен бейбіт өмірдегі еселі еңбегі үшін бірқатар үкімет наградаларымен марапатталған. Бүгінгі таңда үш баласынан жеті немере, ондаған шөбере сүйіп отырған қария өзіне деген қошаметке шын көңілден риза болып қалды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.