Облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов Кеңес Одағының Батыры, академик-жазушы, жерлесіміз Мәлік Ғабдуллиннің қызы Майдан мен күйеу баласы Алмазбек Үсеновті қабылдады.
Кездесуде даңқты жерлесіміздің 100 жылдық мерейтойына облыста жүргізіліп жатқан дайындық шаралары туралы айтылды. Бұл ретте, батыр музейіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, «Даңқ» аллеясында еңселі ескерткіші бой көтермекші. Басқа да бірқатар іс-шаралар жоспарлануда.
Қадірлі меймандар бұл үшін ақмолалықтар мен көкшетаулықтарға зор ризашылықтарын білдіріп, мерейтойға мүмкіндігінше өздері де атсалысатындығын жеткізді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.