Оның барысында театрландырылған музыкалық қойылымдар көрсетілді және белгілі қазақстандық әртістер мен шығармашылық ұжымдардың қатысуымен концерт өтті.– Бұл мереке күннің алғашқы шуақты жылуымен бірге келеді. Көптеген елдер Наурызды жаңа жыл ретінде атап өтеді. Бұл күндері адамдар бір-бірімен кездесіп, өкпе-реніштерін кешіреді. Ізгі істер жасап, көмек көрсетеді және бақыт тілейді, – деді Елорда тұрғындары мен қонақтары алдында құттықтау сөз сөйлеген Нұрсұлтан Назарбаев.
Мемлекет басшысы Қазақстанның Тәуелсіздік жылдары азаматтары мақтан тұтатын қуатты мемлекетке айналғанын айтты.
– Біз бәріміз бірге елімізді бүкіл әлемге таныттық. Қиындықтарға қарамастан, біздің халқымыз әрдайым тұтастығын сақтады және алға қарай сеніммен жүріп отырды. Әлемде дағдарыс көріністері байқалып отырған қазіргі кезде де Қазақстанның оларды еңсеруге қажетті ресурстары жеткілікті. Біздің еліміз өзінің бұдан әрі дамуының жос-парларын, соның ішінде «Қазақстан-2050» Стратегиясын, «Нұрлы жол» бағдарламасын, жаңа әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандардың жобаларын әзірлеп, жүзеге асыруда. Осының бәріне халықтың бірлігі, бір-біріне деген құрметі мен сенімі, елдің тұрақтылығы қажет. Егер біз таңдаған жолымыздан ауытқымай жүретін болсақ, Қазақстанның болашағы бұдан да жарқын болады, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Соңында Қазақстан Президенті баршаға бақыт, тыныштық және береке тіледі.
Мерекелік концерттен кейін Мемлекет басшысы этно-ауылды аралап, қала тұрғындарымен әңгімелесті.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.