Елордадағы «Дәулет» спорт кешенінде Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты қолдауға арналған форум болып өтті. Сөйтіп, аталған шара сайлау науқанының үгіт кезеңін ашып берді.
Форумға қатысушылар – Республикалық қоғамдық штаб пен Астана қалалық қоғамдық штабының мүшелері және Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидаттың саяси партиялар, үкіметтік емес ұйымдар, ғылыми және шығармашыл интеллигенция, Қазақстан Республикасы Парламенті мен Астана қаласы мәслихатының депутаттары, жастар белсенділері, спортшылар, сондай-ақ, бизнес өкілдері санатындағы сенім білдірілген адамдар болды.
Шараға Қазақстан президенттігіне кандидат Н.Назарбаевтың Республикалық қоғамдық штабының басшысы Мұхтар Құл-Мұхаммед, Халық Қаһарманы Бақытжан Ертаев, Қазақстанның Еңбек Ері Айман Мұсақожаева, жетекші саяси партиялар басшылары, Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Анатолий Башмаков, т.б. қатысты.
«Қазақстан Республикасының Негізін қалаушы және Тұңғыш Президентінің арқасында біз Тәуелсіздік жылдарында жүз жылдарға тең жолдан өттік! Біздің Көшбасшымыздың арқасында барлық қазақстандықтар бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп келеді! Біздің Елбасының арқасында біз қуатты, өсіп-өркендеген, бәсекеге қабілетті, бүкіл әлемде құрметке ие мемлекет құрдық! Біздің Президентіміздің арқасында турбуленттілік жағдайларында біз қоғамымыздың саяси, экономикалық және әлеуметтік салаларын табысты жаңғырта алдық! Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасында елімізде тамаша «2050» Стратегиясы қабылданса, онда мемлекетіміздің стратегиялық мақсаттары мен бағдарлары анық та нақты жазылған! Назарбаевтың арқасында «Нұрлы Жол» бағдарламасы – еліміздің, сондай-ақ, әр отбасының экономикалық өсімі мен игілігінің дұрыс бағыты жасалды! Сондықтан, мен тура бір айдан соң осы форумға қатысушылар, барлық қазақстандықтар секілді, өздерінің сайлау учаскелеріне келіп, өздерінің дауыс-тарын өздерінің болашақтары, өздерінің балалары мен немерелерінің болашақтары үшін, әр отбасының игілігі, мемлекетіміздің өсіп-өркендеуі, Қазақстан Республикасы деп аталатын туған Отанымыздағы бейбітшілік пен тұрақтылық үшін беретініне нық сенімдімін. Осының барлығына бізді тек әлемдік өркениеттің шыңына бастап келе жатқан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қана кепілдік бере алады. Тек Елбасымен ғана жаңа жеңістерге жетеміз, қымбатты дос-тар!», – деді Мұхтар Құл-Мұхаммед.
Шараға қатысушылар 2015 жылдың 26 сәуірінде өтетін сайлауда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты қолдауға дайын екендіктерін білдірді.
Форумда сайлауалды науқаны шеңберінде үгіт жұмыстары басталып отырғаны атап өтілді. Мәселен, тек Астана қаласы бойынша ғана кандидаттың 535 сенім білдірілген адамы жұмыс істейтін болады.
Сондай-ақ, кеше бүкіл еліміз бо-йынша Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат Н.Ә.Назарбаевтың 224 қоғамдық қабылдауы өз жұмысын бастады. Республикалық қоғамдық қабылдаудың ашылуына президенттікке кандидат Н.Ә.Назарбаевтың Республикалық қоғамдық штабының басшысы Мұхтар Құл-Мұхаммед қатысты.
Қоғамдық қабылдаулар үстіміздегі жылдың 24 сәуіріне дейін жұмыс істейтін болады. Қоғамдық қабылдаулардың негізгі міндеттері азаматтардан ұсыныстар мен тілектер қабылдау, президенттікке кандидат Н.Ә.Назарбаевтың сайлауалды тұғырнамасын насихаттау және сайлау заңнамасын түсіндіру болып табылады.
Қоғамдық қабылдауларда Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат Н.Ә.Назарбаевтың шамамен 600-дей сенім білдірілген адамы таңертеңгі сағат 9-дан кешкі 19-ға дейін жұмыс күндері, таңертеңгі сағат 9-дан түскі сағат 13-ке дейін сенбі күндері сайлаушыларды қабылдайтын болады. Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат Н.Ә.Назарбаевтың Республикалық қоғамдық қабылдауы Астана қаласы, Кенесары көшесі, 25 мекен-жайдағы «Нұр Отан» партиясының ғимаратында орналасқан.
Республикалық қоғамдық қабылдаудың бірінші күні бірқатар азаматты Мұхтар Құл-Мұхаммед қабылдады. Республикалық қоғамдық штабтың басшысы қоғамдық қабылдаулардың қызметі Н.Ә.Назарбаев «Нұр Отан» партиясының ХVІ съезінде ел алдына қойған бес шешуші міндетті табыс-ты жүзеге асыруға сүбелі үлес қосатынына сенім білдірді.
«Нұрсұлтан Әбішұлы Қазақстанның тағдыры республиканың әр азаматына тікелей байланысты деп кездейсоқ айтқан жоқ. Қоғамдық қабылдаулар қазақстандықтарға елімізді нығайту мен дамытуға қатысуға тамаша мүмкіндіктер береді», – деп атап өтті Мұхтар Құл-Мұхаммед.
Республикалық қоғамдық штабтың басшысы азаматтардың ең қызықты да құнды ұсыныстары міндетті түрде
Н.Ә.Назарбаевқа жеткізілетініне сендірді.